«Жапонияның АЭС қалдықтары Ресей жағалауында»: Фукусима қалдықтарын зерттеген ғалымдар дабыл қағуда
Фото: Wikipedia
Тынық мұхиты океанология институты атынан Ильичев жүргізген зерттеулер нәтижесінде Фукусима аймағындағы судағы тритийдің жоғары деңгейі анықталды.
Бұл туралы Тынық мұхиты океанология институты хабарлады.
Суда жоғары радиация табылды. Судың алғашқы сынамалары Куросио ағысында және Оңтүстік Курил аралдары аймағында радиоактивті ластанудың таралғанын көрсетті. Бұл көрсеткіштер Фукусима-1 АЭС-нің су төгілулерінен кейінгі алдын ала болжамдар мен бұрын тіркелген деректермен сәйкес келеді.
Радиоактивті ластануды анықтау негізінде жаңа ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Оның мақсаты — Курил аралдары мен Охот теңізінің оңтүстік бөлігін егжей-тегжейлі зерттеу. Бұл аймақ Ресейдің маңызды балық аулау аймағына жатады. Зерттеушілер газ алмасу процестерін, судағы биогеохимиялық сипаттамаларды және жаһандық жылыну жағдайындағы өзгерістерді зерттеуге көңіл бөлетін болады.
Зерттеу үшін 120 тоннадан астам теңіз суы сынамалары жиналды. Тритийден басқа, цезий, стронций, бериллий, радий және қорғасын деңгейлерін бағалау жоспарланған.
Тритиймен ластанған су баяу таралып келеді. Экология мен балық шаруашылығына әсері туралы қауіптер бар. Әрине, Ресей балық шаруашылығына қасақана әлде абайсызда зиян келтірген Жапонияға наразы болары анық.
Еске сала кетсек, Қазақстандағы АЭС-тің референдум жобасы Тоқаевқа қол қоюға жіберілді. Қазақстанда АЭС-ті екі өңірде, Абай облысындағы Курчатов қаласына жақын жерге және Алматы облысының Балқаш маңындағы Үлкен ауылына жақын жерге салу жоспарланып отыр.
Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін өңір-өңірде талқыланып, ашық жиындар өтіп келді. Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері Алматыдағы дауға толы болған жиынға да, артынша Астанада өткен ашық жиынға да қатысып қайтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық