Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

2026 жылғы 27 қаңтарда сарбаз Е. Рустемұлының қазасына себеп болуы мүмкін іс ретінде  Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командирінің қызметке салғырт қарауы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Бас әскери прокуратура осы тергеудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Orda.kz.      

Тергеу арқылы лауазымды тұлғаның жеке құрам қызметін және әскери қызметшілердің қару қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталған. 

Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды.

«Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында» деп жазылған хабалдамада.

Сонымен қатар құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша, алдын ала тергеу деректерінің басқа мәліметтері жариялауға жатпайтынын ескертті.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар