«Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды

cover Фото: Бейнеден кадр

Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген мигрант өмір бойына сотталды. Сотталушы мен оның туыстары тағылған айыппен келіспей, «жала жабылды» деп отыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алайда, сот мәліметінше оның қылмысы толығымен дәлелденген. Өзбек азаматы 10 жылдан бері екі ел арасында келіп-кетіп жұмыс істеген. Үш баланың әкесі былтырдан бері Төрткүл ауылындағы наубайханада нан жауып нәпақа тапқан.

«Азық-түлік дүкеніне әдеттегідей нан өткізуге барған өзбек азаматы кәмелетке толмаған 2009 жылы туған жас қызды көреді. Оған әдеттегідей нан өткізіп, ақшасын күткен. Түнгі бір шамасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, күш қолданып, сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Одан кейін сотталушы өзінің қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында жәбірленушіні қасақана өлтірген», —  дейді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Дәурен Мадалиев.

Ал сотталушы сот залынан кетіп бара жатып, жала жабылғанын айтты. Оның әкесі де баласының бұл қылмысты жасамағанын айтып, тергеу жұмыстары дұрыс жүргізілмегенін алға тартты.

«Ол сондай іске барса, сол күні-ақ түнде Өзбекстанға өтіп кететін еді ғой. Ұлыма жала жабылып отыр. Ол ондай тірлікке баратын бала емес. Қазақстанның заңына таң қалдық», — дейді сотталушының әкесі.

Айта кетейік, Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайын сотта жеңіп шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар