Әлеуметтік желілерде әлемде дені сау адамдар қалмады деген хабарламалар таралады. Себебі COVID-19-бен әлі ауырмаған барлық адамдар «симптомға дейінгі науқастардың» жаңа санатына қосылды. Бұл жалған ақпарат деп хабарлайды stopfake.kz.
Бұл тұжырымдар JAME Network-та жарияланған АҚШ-тың аурулардың алдын алу және бақылау орталығының зерттеуіне негізделген. Онда «алдын-ала симптоматикалық» термині бар, бірақ ол COVID-19 жоқ сау адамдарға қолданылмайды.

Мақалада:
«Біз модельдің қарапайым түрін қолдандық, симптомға дейінгі, симптоматикалық емес және симптоматикалық науқастардың түрлі жағдайына қарай. Яғни, аурудың симптомсыз науқастан ауру белгілері әлі шықпаған науқастың қаупін анықтау үшін қажет болды», – делінген.
Осыдан, жалған ақпаратты таратушы ғалымдар эксперименттің тек COVID-19 жұқтырған қатысушылары туралы айтылды деп пайымдаған.
Айта кетсек, мақалада жер шарындағы сау адамдардың саны туралы ештеңе айтылмаған.