Жаңа қожайын, ескі тәртіп: Нығматулиннің ұлдары «Қазфосфатты» қалай басқарып жатыр?

cover

Соңғы уақытта отандық БАҚ беттерінде «Қазфосфат» ЖШС мен оның филиалдары туралы ақпарат көп тарап жүр. Таразда болған апат өзі алдына бір дүние. Экология министрлігінің мәлімдеуінше, ауаны ластаған азот диоксиді мен күкіртсутегі болған, ал компания басшылығының айтуынша, ауаны ластаушы заттардың шектен асып кетуі мүлдем болмаған көрінеді. Orda.kz редакцияцы Қазақстанда кімнің және қашан фосфатпен айналысқанын және оның қаншалықты табысты кәсіп екенін анықтап көрді.

«Қазфосфат» ЖШС-ның басшысы бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің екінші ұлы Нұрхан Нұрланов. Ал кәсіпорынның құрылтайшысы Нұржан мен Нұрхан Нұрлановтарға тиесілі KAZ Chemicals, сондай-ақ, Kazakhmys Resources B. V. нидерландтық компаниясы. Үлескер компаниялар арасында «Жезқазған-Эйр» авиакомпаниясы, «KAZAKHMYS COPPER», «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ және RBK Банкі бар.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Фото: eldala.kz

12 шілдеден бастап компанияның ресми сайты жұмыс істемей тұр.

Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы Нығматулиннің ұлдарына Қазфосфатты қалай сатты?

«Қазфосфат» ЖШС негізін 1999 жылы Бен Римон қалаған. Кәсіпорын минералды тыңайтқыштар, сары фосфор және оның туындылары нарығын қалпына келтіруден бастады. Арада бірнеше жыл өткен соң оның директоры Сергей Зарицкий болды. Одан кейін бұл қызметке израильдік кәсіпкер Нахума Гальмор келген. Біріншісі жарғылық капиталдың 95%, екіншісі-5%-ына иелік еткен.

Egov.kz деректеріне сәйкес, осы уақыттар ішінде құрылтайшылар бағаны бос тұрған. Тек 2005 жылдың 1 қарашасында ғана қожайындары туралы алғашқы ақпарат шыға бастады. «Қазфосфат» қожайындары нидерландтық EnrgoTherm B.V. және InterTherm B.V. деген екі кәсіпорын болды. Екі компания да Ұлыбританияда тіркелген Kazphosphate PLC меншігі болып табылды. KASE мәліметтері бойынша, «Қазфосфаттың» бастапқы иелері израильдік бизнесмендер Аркадий Гайдамак пен Лев Леваев болды.

2007 жылдың тамыз айында Басқарма төрағасы Нахум Гальмор «Қазфосфатты» 120 миллион долларға сатты. Жаңа қожайындар алдағы бірнеше жылда өндірісті кеңейтуге миллиард долларға дейін қаражат тарту үшін Лондондағы IPO-ға шығуды жоспарлады. Меншік иелерінің бірі таза қанды жылқыларды өсіретін Нesmonds Stud жылқы зауытының танымал иесі, долларлық миллионер Нұрлан Бизақов болды. Ол сондай-ақ, «Қазфосфатта» директорлар кеңесі төрағасы орнына ие болды. Нұрлан Бизақовқа сілтеме жасай отырып, Reuters ақпарат агенттігі оның үш иесі бар деп жазды, бірақ қалған екеуінің жеке басы туралы жарияланбады.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Нұрлан Бизақов/Фото: Laura Green / Racing Post

Егер үлестес компанияларды тексеретін болсақ, онда сол кезде премьер-министрдің орынбасары және ауыл шаруашылығы министрі болған Ахметжан Есімовтың бұрынғы күйеу баласы Ғалымжан Есенов қожайындардың бірі болғанын білуге болады. Ғалымжан Есенов кәсіпорынды Enrgotherm B. V. және «Delta Bank» - ке үлестес Kazphosphate PLC арқылы иеленді. 2008 жылдың сәуір айынан бастап Ғалымжан Есеновтың туған ағасы Мақсұтбек Есенов «Қазфосфат» басқармасының төрағасы атанды.

Мақсұтбек Есенов
Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Egov.kz

2012 жылдың 24 қаңтарында «Қазфосфаттың» құрылтайшысы ауысады. Жаңа иесі Британдық Kazphosphate Limited компаниясы болды, тек іс жүзінде бұл бұрынғы Kazphosphate PLC еді. Оның тек атауын өзгерткен. EnrgoTherm B.V. және InterTherm B.V. ұйымдарын жай ғана алып тастады. «Қазфосфатқа» 2021 жылдың 25 мамырына дейін иелік еткен.

Осы күні компания ресми түрде мәжілістің экс-спикері Нығматулиннің ұлдары мен RBK банкінің үлестес тұлғаларының тізіміне кіретін Kazakhmys Resources B. V. амстердамдық компаниясына тиесілі KAZ Chemicals кәсіпорнына ауысты. Кей БАҚ-тың деректеріне сәйкес, қаржы мекемесі олигарх Дінмұхамед Ыдырысовпен үлестес. Оның қызы Мадина - ағайынды Нұрлановтардың бірінің әйелі. Алайда, ашық дереккөздер 2017 жылғы 22 қарашада қаржы мекемесі акцияларының 99% - ын долларлық миллиардер Владимир Ким атынан «Қазақмыс Холдинг» сатып алғанын көрсетеді. Сондықтан ол «Қазфосфаттың» тағы бір иесі болып саналады.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Egov.kz

Өтпелі кезеңнің алты күнінде Ғалымжан Есеновтың туған ағасы Мақсұтбек Есенов директор болып қала берді. Алайда, 2021 жылдың 1 маусымында Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов жаңа басшы болды.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Egov.kz

EKA Chemicals компаниясының негізін 2018 жылдың қараша айының соңында Нығматулиннің ұлдары Нұрхан мен Нұржан, сондай-ақ амстердамдық Kazakhmys Resources B. V компаниясы қалады. Компания жұмыс істеген уақыт ішінде орналасқан жері бірнеше рет өзгерді және редакциялық өзгерістер енгізілді.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина

 «Қазфосфат» пен оның 7 филиалы

«Қазфосфат» компаниясының бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Ал, негізгі өндірістік қуаттар Жамбыл облысында, атап айтқанда Тараз қаласында шоғырланған.

Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені: фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен комбинаты. Фосфат шикізаты Жамбыл облысының Талас ауданында: Шолақтау, Ақсай және Шилібұлақ кен орындарында өндіріледі. Оларға кен өндіру, кенді алғашқы дайындау, автокөлік және теміржол цехтары және жөндеу-механикалық және жөндеу-құрылыс бөлімшелері қосылған.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Фото: kpp.kz

Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені: фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен комбинаты. Шикізат Көксу, Көкжон және Жаңатас кен орындарында өндіріледі.

Жамбыл облысына республиканың баланстық қорының 72% келеді. Айта кетейік, бұл ТМД аумағындағы ең ірі қорлар және әлемдік ауқымда маңызды рөлге ие. Өңірде 50-ге жуық фосфорит кен орны ашылды, барланған қорлар 13 млрд тоннаға бағаланады.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Фото: kpp.kz

Тараздағы жаңа Жамбыл фосфор зауыты: сары фосфор және құрамында фосфор бар өнімдер шығарады. Кіші Қаратау жотасының Үлкен-Бұрыл тауының солтүстік беткейінде орналасқан. Зауыттың жалпы ауданы-644,75 га. Сары фосфор – өте улы зат болып табылады.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Фото: kpp.kz

Тараздағы «Минералды тыңайтқыштар» зауыты: ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар мен азықтық фторланбаған фосфаттар шығарады. Зауыт 449,2 га аумақты алып жатыр.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Фото: kpp.kz

Шымкенттегі синтетикалық жуғыш заттар зауыты: химия өнеркәсібі өнімдері мен бейорганикалық химиялық заттар өндірісі. Синтетикалық жуғыш заттар 1978 жылы Шымкент фосфор тұздары зауытының алаңында шығарыла бастады. Кәсіпорындағы жер учаскесінің ауданы 4,2 га құрайды, 2000 жылдың маусымында осы жерде «Қазфосфат» ЖШС Шымкент филиалы құрылды.

Степногорскідегі химиялық зауыт: экстракциялық фосфор қышқылы мен минералды тыңайтқыштар, негізінен аммофос өндірісі.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Фото: Facebook

Тараздағы темір жол-көлік кешені: жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтер, облыс орталығының өнеркәсіп аймағындағы зауытішілік операциялар мен кәсіпорындарға қызмет көрсету.

Табысты бизнес: 30 тонна фосфогипсті 1,12 теңгеге қалай сатуға болады

Минералды тыңайтқыштармен, синтетикалық жуғыш тыңайтқыштармен, химиялық өнімдер өндірумен айналысу өте тиімді. Тек 2021 жылдың өзінде «Қазфосфат» бюджетке 5,6 млрд теңгеден астам қаржы төлеген.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

Айтарлықтай табыстарғына қарамастан, «Қазфостфат» белгісіз себептермен мемлекетке 98,52 теңге салық қарыз болып қалған. Шағын ғана қарыз заңды тұлғалардың көлік салығын төлемеу салдарынан пайда болды.

Сондай-ақ, «Қазфосфат» мемлекеттік сатып алуға да қатысады. Біз 2019 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңді есепке алдық.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина

Orda.kz компания жеңіп алған тендерлер мен қанша қаражатқа келісімшарт жасалғаны туралы ақпараттарды тексеріп көрді. Ашығын айту керек, кейде келісімшарт бағасы өте аз кездер де болған. Келісімшарттың минималды бағасы 33,6 теңгені құраған. Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне қарағанда Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Қазфосфаттан тоннасын 1,12 теңгеден 30 тонна фосфогипс сатып алған. Бұл зат аммофосты өңдегеннен кейінгі қалдық, бірақ ол тұзды топырақты жақсы қалпына келтіреді және ауылшаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыратыны тағы бар. ЖШС барлық фермерлерге фосфогипсті тоннасына 1 теңге бағамен сатады, бірақ тыңайтқыштарды өз алқаптарына тасымалдау мәселесімен шаруалардың өздері айналысады.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Фосфогипс үйінділері/ Фото: kazakh-zerno.net

Ал ең ірі соманы «Қазфосфат» 2020 жылы алған, қаражат көлемі 3 401 360.09 теңгені құрайды. Жамбыл облысындағы ТЖД-158/5 түзеу колониясы электр энергиясын киловатт сағатына 19,17 теңге бағамен қосылған құн салығынсыз сатып алды. ЖШС мекемеге бас-аяғы сағатына 401 мың киловаттан берді.

Қазфосфаттың филиалдары негізгі иесінен аз ақша табады, бірақ сонымен бірге мемлекет қазынасын айтарлықтай толықтырады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен жасалған шарттың арқасында компания Қаратау бассейнінде фосфор кен орындарын игеруге құқылы. «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені биылдың өзіне 456 млн теңгеге салық төлеген.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

Шикізатты өндіру мен қайта өңдеуден бөлек «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені шыны өнеркәсібі үшін әктас пен доломит өндіруден табыс табады. Сондай-ақ, комбинат Қазақстан мен Орта Азиядағы сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар өндірісі үшін шикізаттың бірден-бір ірі жеткізушісі.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

Тараздағы Жаңажамбыл фосфор зауыты бірінші жартыжылдықта мемлекет қазынасына 687 млн теңгеден астам қаржы төледі.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

Тараздағы «Минералды тыңайтқыштар» зауыты аммофос, суперфосфат, сульфоаммофос, нитроаммофос, трикальцийфосфат, кальций натрий фосфаты және техникалық күкірт қышқылын өндіруден табыс табады. Өнімнің негізгі бөлігі ел ішінде сатылады, сонымен қатар Қытай, Украина, Беларусь және Тәжікстанға жеткізіледі. Сонымен қатар, филиал отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы арқылы мемлекет қолдауына ие.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

Шымкенттегі синтетикалық жуғыш заттар зауыты салық бойынша үлкен айналыммен мақтана алмайды. Биыл олар қазынаны 8 млн теңгеге толықтырды.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

Степногорсктегі экстракциялық фосфор қышқылынан аммофостың күрделі түйіршіктелген азот-фосфор тыңайтқышын шығару зауытқа белгілі бір пайда әкеледі. Өткен жыл кәсіпорын үшін қаржылық жағынан оңтайлы болды.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

«Қазфосфат» ЖШС теміржол-көлік кешені филиалы Жамбыл облысындағы химия зауыттарының жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
kgd.gov.kz

Мемлекет субсидиялайтын тыңайтқыштарға деген жоғары бағалар

5 сәуірде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС Минералды зауытына қатысты тергеу туралы хабарлады. Компания 2021 жылғы қарашада аммофос бағасын 125 мың теңгеден 168 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген. Өсім 35%-ды құрады. 2022 жылы баға тіпті 185 мың теңгеге дейін көтерілді. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда өсім 48,5% құрады.

10 маусымда бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы және Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қазфосфат» ЖШС қатысты тергеуді аяқтады. Нәтижесінде кәсіпорын минералды тыңайтқыш бағасын 173 мың теңгеге дейін төмендетті. Тауарды жоғары құны бойынша төлеген клиенттерге 2,8 млрд теңге айырмасы қайтарылды.

Қазфосфат: өндірісте жиі жарақат алу фактілері

Маусым айының басында «Қазфосфат» зауытында жұмысшы қаза тапты. Оның басына кірпіш құлаған. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Шілде айының басында ұсақтау қондырғысын жөндеу кезінде кәсіпорынның дәнекерлеушісі мен слесары қайтыс болды. Сондай-ақ, тағы үш адам жарақат алды.

Бұл ЖШС кәсіпорындарында болған өндірістегі жалғыз жазатайым оқиға емес. Айболат Жүнісбеков 2018 жылдың сәуір айынан бастап сары фосфор өндірісінің аппаратшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың 1 наурызында фосфор жалыны салдарынан оның денесінің 50%-ын химиялық күйік шалған. Медициналық сарапшылар бастың, беттің, мойынның, дененің, аяғының жоғарғы және төменгі тұстарын, екі бөксенің зақымдануын тіркеді. Мұның бәрі ауыр дәрежелі екі жақты пневмониямен, конъюнктивтік-химиялық күюмен (көздің шырышты қабаты – шамамен. ред.) және қабақ терісінің зақымдануымен ауырлай түскен. Бұл денсаулыққа «ауыр» зиян ретінде бағаланды.

Айболат Жүнісбеков Алматы қаласының Медеу аудандық сотына талап арыз берді. Қызметкер моральдық зиян үшін 7 млн теңге талап етті. 2021 жылғы 17 маусымда бірінші сатыдағы сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Зардап шегушіге 3 млн теңге, оған қоса 30 мың теңге мемлекеттік баж салығы және Өкілдік шығындар үшін 150 мың теңге төленуі тиіс еді.

Тек «Қазфосфат» өкілдері сот шешімімен келіспей, апелляцияға берді. Олар өз қызметкерлеріне бар болғаны 500 мың теңге төлеуге дайын болды. 2021 жылғы 11 қазанда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляцияны қабылдамады.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Сот үкімі

Сондай-ақ, «Қазфосфат» басшылығы медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберді. Олардың ішінде әсіресе зиянды жерде жұмыс істеуге жарамсыздары болды, бірақ олар жеңіл жұмыс істейтін бөлімдерге ауыса алмады, компания бірден арадағы келісімшартты бұзды. 2019 жылы осы қызметкерлердің кейбірі ұжымдық арыз жазды. Арыз жазушы ретінде бірден 10 жұмысшы тіркелген. Олар жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жоюды, жұмыс орнын қалпына келтіруді, жұмыстан шығарылған уақыт үшін жалақы өндіріп алуды және оңай жұмысқа ауыстыруды сұрады. Жамбыл облысының Тараз қалалық соты 2019 жылғы 18 қарашада өтініш берушілердің пайдасына шешім шығарды. Оларды жұмысқа қайта қабылдап, тоқтап қалған уақыттағы жалақыны өндіріп берді, бірақ олар жартылай қабылданған шешіммен келіскісі келмеген.

Талапкерлер ЖШС-нің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде жайсыздықты сезіндік деп есептеп, тағы арызданды. Нәтижесінде Тараз қалалық соты 2020 жылғы 11 наурызда қызметкерлердің әрқайсысының пайдасына моральдық зиян үшін 100 мың теңгеден және өкілдік шығыстар үшін 10 мың теңгеден өндіріп алды.

Ал Қазфосфат тарабы бұл шешіммен келіспеді. Олар моральдық зиянның мөлшерін азайту үшін Жамбыл облыстық сотына шағым түсірді. Олардың өтініші қанағаттандырылмады.

Новые хозяева и старые порядки: как управляют Казфосфатом сыновья Нигматулина
Сот қаулысы

Сот актілерінде әлі де көптеген жағдайлар бар, онда қызметкерлер кәсіби жарақат алғаннан кейін жұмыстан босатылып, қауіпсіз лауазымға ауыстырылған жоқ. Бұл ретте зиянды өтеу немесе өтемақы төлеу жөніндегі барлық талаптарды сот қанағаттандырған жоқ.

Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» зауытында орын алған төтенше жағдай аясында осы кәсіпорынның директоры Нұрхан Нұрлановтың ұсталғаны және оның кабинетінде тінту жүргізілгені туралы ақпарат пайда болды.

Orda.kz шынымен де Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлын жұмыс орнынан арнайы қызмет алып кеткенін анықтады.

Болжам бойынша, зауыт басшысы 10 шілде күні белгісіз біреулермен бірге зауыттан шығып кеткен. Ал негізінде оны алып кеткендердің Тараз полиция бөліміне жеткізгісі келгеніне куәгерлер көп. Бұл туралы ақпарат ұжымның жұмыс чаттарында тез тарады. Онда оны ҰҚК орталық аппаратының қызметкерлері алып кеткені хабарланды.

Бұл туралы әзірге ресми жарияланған жоқ.

Алайда, 11 шілде күні таңертеңнен бері Нұрлановты жұмыс орнында ешкім көрмегенін айта кеткен жөн. Оның үстіне зауыттағы сол атышулы оқиғаға байланысты жұмысшылардың шұғыл жиналысына да қатыспаған. Orda.kz тілшілері түнгі сағат 3-ке дейін кәсіпорын есігінің жанында кезекшілікте болды. Бірақ директор көзге түспеді.

Кейінірек Нұрлановтың өзі редакцияға хабарласып, Тараздағы үйінде екенін айтып, кабинетінде тінту жүргізілмегенін, қамауға алынбағанын жеткізді. Ол кәсіпорында болмаған, бірақ төтенше жағдайға байланысты нұсқауларды қашықтан таратқан.

Арада бірнеше күн өтті, бірақ Нұрлановтың нақты қайда екені белгісіз. Біз Антикорға, ҰҚК, ҚМА, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдадық.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар