Жүргізуші GPS нұсқауымен жүремін деп, батып кетті

Үндістанның Махараштра штатындағы Аколе қаласында жүргізуші Google Maps нұсқауын орындай отырып, суға батып кетті. Бұл туралы Lenta.ru The Indian Express-ке сілтеме жасап хабарлады.
34 жастағы Сатиш Гуле 42 жастағы кәсіпкер Гуру Шехарға тиесілі компанияда жұмыс істеген. Гуле коронавирус пандемиясы салдарынан жұмысынан айырылған, бірақ Шехар оны жеке жүргізуші ретінде жалдады.
10 қаңтар, жексенбіге қараған түні Гуле Шехар мен оның 44 жастағы досы Самир Раджуркарды жаяу серуендеуге баратын Калсубай тауына алып бара жатқан.
Жолда ер адамдар адасып, Google Maps-тың көмегіне жүгінген.
Жергілікті полиция бастығының орынбасары Рахул Мадне:
«Жылына сегіз ай жұмыс жасайтын көпір бар. Жаңбырлы маусымнан кейін төрт ай ішінде бөгеттен су босатылып, көпір судың астына кетеді. Осы кезде ол жерде жүруге болмайды»,-деді.
Полиция жергілікті тұрғындар көпірдің су астында екенін біледі, сондықтан олар бұл жолдан аулақ жүретіндіктерін айтты. Қараңғыда жүргізуші мен жолаушылар суды көрмей, кездейсоқ суға түсіп кеткен. Олар көліктің терезесін ашып, сыртқа шыға алды. Нәтижесінде Шехар мен Раджуркар жағаға жүзіп шықты. Жүзе алмайтын Гуле батып кетті.
Гүленің денесі судан жексенбі күні таңертең шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер адам өлімін растады.
Жаңалықтар
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры
- Перизат Қайрат ісі сотқа жіберілді
- Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді
- Алматыда мопед ұрлаған ер адам полицейді сүйретіп әкетті
- Әзірбайжан мен Ресейдің айқасы: Бакуде Симонянға қарасты Sputnik редакциясында тінту жүріп жатыр
- Мәжіліс депутаты Базарбек Бас прокуратураға бірден төрт арыз дайындады
- Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты қосымша тергеу аяқталды
- «Полиция көмектеспеді»: Ақмолада түлекті аяусыз ұрып, көлікпен қағуға оқталған екі ер адам ұсталды
- Әзірбайжан Ресей қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтатты
- Астанада аяғынан айырылған қыз қашан мектепке оралады?
- Wildberries патшайымы: Блогерге алданған қара халық президентке үндеу жолдады
- Қазақстан халықаралық математика олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
- Мәжіліс пен сенат депутаттары жазғы демалысқа шықты
- Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
- Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзаларын езіп жіберген ер адам сотталды