Зеленский құттықтап, Путин неге Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтамады?

cover Коллаж Orda.kz

Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, ал жақында ғана елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путиннің телеграммасы Ақорданың ресми сайтында көрінбеді, деп хабарлайды Orda.kz.

17 желтоқсанда Ақорда сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау телеграммаларын жіберген мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінің тізімі жарияланды. 

Алғашқылардың бірі болып Орталық Азия көшбасшылары құттықтаған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. 

«Біздің елдер арасындағы қарым-қатынас көп ғасырлық достық пен көршілік және стратегиялық серіктестік негізінде қалыптасқанын нық сеніммен айта аламын. Алдағы уақытта да нығая беретін болады» делінген Садыр Жаппаровтың құттықтауында.

Көшбасшылардың құттықтауының қатарында, Түркіменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те бар. 

Хабарламада басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан келген құттықтаулар да атап өтілген. Олардың қатарында Сауд Арабиясы, БАӘ, Ливия, Палестина елдерінің көшбасшылары мен Украина президенті Владимир Зеленский бар. 

Скриншот akorda.kz.
Скриншот akorda.kz.

Алайда жақында ғана елімізге мемлекеттік сапармен келіп кеткен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің құттықтауының болмауы ерекше көзге түсті. Оның орнына сайтта Тәуелсіз елдер достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев пен Татарстан Президенті Рустам Минниханов аталған. 

Айта кетейік, жақында ғана Владимир Путин бұрынғы президентНұрсұлтан Назарбаевты Ново-Огареводағы резиденциясында қабылдаған болатын.  

Путиннің құттықтау жеделхатын жолдағаны туралы сұрастырмақ болып, Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлимен байланысуға тырыстық, әзірге жауап келген жоқ.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар