«Үлкен дәретке қап киюге мәжбүр»: Жалған диагноз қойған қарағандылық дәрігерлер
Фото: Нейрожелі жасады
Ақерке Бейсенбек есімді келіншек 2021 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды облыстық ауруханасында босанғаннан кейін ауыр жағдайға тап болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, босанғанда болған асқынулар салдарынан тік ішек пен қынап арасында тесік пайда болып, мүгедектікке әкелген. Алайда ауруханадан берілген ресми құжатта асқынулар жайлы ешбір дерек жазылмаған. Сонымен қатар өзіне жалған диагноз қойғандарын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақеркенің сөзінше, дәрігерлер босанғанда жыртылған тіндерін «бірінші дәрежелі» деп көрсеткен. Шын мәнінде жарақаттың ауырлығы «екінші және үшінші дәрежелі» деңгейде болған. Бұл жағдай үлкен зақымдалуына әкеліп, әйел үлкен дәретті қарын жақтан шығаратын қапшық киюге мәжбүр болған.
«Сонымен қатар, құжатта босану табиғи жолмен өтті деп көрсетілген. Шындығында, маған толғақ шақыратын дәрілер, атап айтқанда, окситоцин енгізілді. Эпидуральді анестезия жасалды. Жыртылған жерлерді тігу жұмыстары да бірінші дәрежеге сай емес, үшінші-төртінші дәрежеге тән терең тігіспен жасалды. Бірақ бұл фактілерді перзентхана толықтай жоққа шығарып отыр», — деді Ақерке.
Ақеркенің ашуына тиген тағы бір жайт — оған перзентхана неврологы «психикалық неврологиялық бұзылу» диагнозын қойды деген мәлімет. Алайда әйел ешқандай тексерістен өтпегенін және мұндай қорытындының негізсіз екенін айтады. Сондай-ақ, оның медициналық деректері «Дамумед» жүйесінде, eGov порталында және басқа да ресми реестрлерде тіркелмеген. Ал өзіне берілген анықтама мен Денсаулық сақтау министрлігіне жолданған құжаттар арасында айырмашылықтар бар.
«Мен ұсынылған деректердің мұқият тексерілуін және осы жағдайдың әділ шешілуін талап етемін», — дейді Ақерке.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты