Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқандар мен ТК жарнамалағандарға айыппұл айтарлықтай өсті
Коллаж: Айқын
Бүгін, 2026 жылғы 18 қаңтарда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 232-VIII ҚР Заңы қолданысқа енгізіліп, күшіне енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жуырда болған тұрғын үй реформасы нәтижесінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы ережелерді бұзғандарға айыппұл көлемі айтарлықтай өсіп, қолданылатын шара қатайтылды.
Бұған дейін заң бұзушылыққа ұрынғандар ӘҚБК-нің 320-бабы бойынша «жауап беріп» келді. Ол кездегі санкция қарапайым болатын - бәріне бірдей 300 АЕК айыппұл салынатын.
Енді бұдан былай жосықсыз құрылыс салушылар осы уақытқа дейін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ережелерін бұзғаны үшін төлеген 300 АЕК мөлшеріндегі «әмбебап» айыппұлдың орнына (ӘҚБК 320-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес) 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.
2025 жылы Қазақстанда кезекті тұрғын үй реформасы өтті. Тұрғын үй заңнамасына, атап айтқанда, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарға түзетулер қабылданды.
Ал біздің елімізде тәртіп тек нақты белгіленген нормалармен ғана қамтамасыз етілетіні бәсенеден белгілі. Атап айтсақ, егер оларды орындамағаны үшін жаза болмаса, ешқандай норма «жұмыс істемейді».
Сондықтан тұрғын үй заңнамасына түзетулермен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ӘҚБК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда - ӘҚБК-нің аталған 320-бабына жаңа бөліктерді (7,8,9,10) қосылып және қолданыстағылары түзетілді.
Еске салсақ, былтыр Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тұрғын үй мәселесін көтерген болатын.
«Еліміздегі өзекті мәселелердің бірегейі ол тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білесіздер. Және де ол бір жақты ғана емес, жан-жақты. Иә, проблема барлық аймақта бар. Бірақ Астананың жайы ерекше. Үлескерлердің өз баспанасынан айырылып қалуынан бастап, Елордада апта сайын бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің сын көтермес сапасына дейін. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар. Бұл жағдайды біржақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін», - деді депутат.
Тақырып аясында ұсынамыз:
- Букмекерлік жарнамаларға тыйым салынады
- БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын жарнама делдалдарына бермеуге шақырды
- «10 млрд адам әкелсең де бәрібір»: Алматыда миллиондарынан айырылған тұрғындар сот алдына жиналды
- Саумал тағамдық қоспасы туралы жалған жарнама таратқандарға прокуратура айыппұл салды
- Астанада 1200-ден астам жарнамалық белгілер жойылды
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады