Вакцина паспорты: Қазақстанда барлығын сатып алуға бола ма?

cover

Әлемде коронавирустың төртінші толқыны басталып, «үнді» штамына байланысты Қазақстанда жаңа шектеулер енгізілген кезде COVID-19-ға қарсы екпе алғандар қалыпты өмірге аз да болса жақындады.

Вакцина паспорты арқылы сіз қалыпты өмірге жолдама аласыз, мейрамханалар мен түрлі іс-шараларға, тіпті өзге елдерде саяхаттауға мүмкіндік болады.

Orda.kz тілшісі вакцина паспортын екпе алмай, қол жеткізуге болатындығын естіп, Қазақстанда жалған құжаттар нарығы қалай жұмыс істейтінін анықтауға ​​бел буды.

Емханаларда құжаттарды сатып алу

Азаматтарды тегін екпе алуға көндіріп жатыр. Кәдімгі өмір ырғағына оралу үшін адамдарға тіпті екпе алғаны үшін ұтысқа сыйлықтар тігіп жатыр. Бірақ соның өзінде екпе алуға түбегейлі қарсы адамдар ақы төлеп болсын жалған құжаттар жасатуға дайын. Құжаттың бағасы - 30 000 теңге.

– Мұндай алаяқтықтарды жасау өте оңай, өйткені Қазақстанда бәрін ақша арқылы шешуге болады. Сіз медбикемен келісіп, тек теріні сырып өтіп, жәй ғана түр жасап 21 күннен кейін келіп, дәл солай жасап, 30 мың теңгеге Egov-та тіркеуде боласыз, - деп біздің порталдың оқырмандарының бірі ақпаратпен бөлісті.

Жалған құжаттар қызметін интернетте де кездестіруге болады. Әлеуметтік желілерде мұндай ұсыныстар ашық жарияланады, алайда қызмет ұсынатын адамдар еш кепілдік бермейді.

Tinder

Танысу алаңы «егусіз вакцина паспорттарын» сату алаңы ретінде қолданыла бастады, делдалдардың бірі тіпті атын да жасырмайды.

Whatsapp

Қызмет ұсынушы таныстық алаңынан WhatsApp-қа өтіп, ары қарай құжат сатумен айналысады.

Шағын хат-хабарда ол құжатты сатып алу үшін жеке куәліктің фотосуретін, жеке деректерді және картаға аударымды жібереді. Яғни бұл кепілдік, себебі клиенттер не болса да полицияға жүгіне алмайды.

Telegram

Ресейлік мессенджер өзінің қауіпсіздігіне байланысты ұзақ уақыттан бері күмәнді транзакциялар үшін қолданылады, олар екпе төлқұжаттарын ғана емес, кез-келген құжатты рәсімдеуді ұсынады.

Алайда, кез келген күмәнді қызметте алаяқтарды кездестіруге болады. Олар төлемді Qiwi қосымшасы арқылы қабылдайды.

Тағы бір оқырман Айбек (аты-жөні өзгертілген) өзінің білім беру мекемесін қалай алдағысы келгенін, бірақ өзі қалай алданып қалғанын айтты.

Айбекке шұғыл түрде ПТР тестін өткізу қажет болды, ол ойланбастан интернеттен жалған сертификат беретін делдал тапты. Ол сертификат жасауға келісті, бірақ Qiwi арқылы ресейлік нөмірге алдын-ала төлем сұрады.

- Біз де өзімізді ақылды санайтынбыз, тек 30% (20 000 теңге) тастауға келіскенбіз. Біз қазір 30% төлейміз деп келіскенбіз, таңертең ол бізге тестілеуден өту керек мекен-жайды жібереді. Тек қажетті нәтижеңізді келіп алып кетіңіз. Ол мұны кез-келген медициналық орталықта жасауға уәде берді. Біз Qiwi терминалы арқылы ресейлік нөмірге төлем жасадық. Алайда таңертең бізге хабарлама келген жоқ, оның жауабын күттік, - деді кейіпкер.

Айбектен әкімгер дайын куәлікті алатын мекен-жайды алу үшін ақшаның қалған 70%-ын Qiwi-ге, бірақ өзбек нөміріне жіберуді сұрайды.

- Әрине, төлем жасалғаннан кейін біз мекен-жайды күттік, Ол болса бізді бұғаттап тастады. Осылайша біз 60 000 теңге жоғалттық, - деп бөлісті оқырман.

Orda.kz құжаттарды қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабында көзделген заң бойынша қудаланатынын еске салады.

- Құқық беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткiзу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін жасау екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады, - делінген ҚР Қылмыстық кодексінде.

ДДҰ екпе алу Covid-19-бен күресудің ең тиімді әдісі дейді

Ұйым жыл сайын вакцинация миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатынын айтты.

Авторы: Асема Гумарова

Аударған: Айнура Дарибаева

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар