«Ұлымен қауыша алмады»: Дикий Арманның анасының өмірінің соңғы сәттері белгілі болды
Фото: instagram / arman.dzhumageldiev
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева өмірінің соңғы сәтінде ұлымен кездесе алмай кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Рена Кәрімова Orda.kz тілшісіне берген түсініктемесінде марқұм Роза Жұмагелдиеваның ұлымен кездесе алмағанын айтты.
Оның айтуынша, мекемеге кіруге рұқсат алу қиындық туғызған.
«Ұлымен кездесуге рұқсат алу оңай болған жоқ. Анасы Костанайда болды, бірақ кездесуге ресми рұқсат ала алмады. Соның салдарынан жүздесе алмады. Сол жақта көз жұмды», — деді Кәрімова.
Сондай-ақ ол алдын ала дерек бойынша Роза Жұмагелдиеваның өліміне микроинсульт себеп болуы мүмкін екенін нақтылады.
Еске салсақ, марқұмның өлімі жайлы алғашқы болып Арман Жұмагелдиевтің жақын досы Нұржан Иманәлиев хабарлады. Оның айтуынша, Роза Жұмагелдиева Костанайға ұлын көруге барған. Сапардан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Сол жерде өмірден озған.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті