Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Эпштейн ісіне байланысты ұсталды

cover Фото: bbc.com

Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Питер Мандельсон Джеффри Эпштейнмен байланысып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz  РИА новости-ге сілтеме жасап. 

Полицейлер Мандельсонды Лондондағы үйінен алып кеткен. Көп өтпей Лондонның Метрополитен полициясы 72 жастағы ер адамның мемлекеттік қызметтегі ықтимал заңбұзушылық күдігімен ұсталғанын растады. Ол жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Қылмыстық тергеу Мандельсонның құпия құжаттарды жіберуіне байланысты басталған. АҚШ әділет министрлігі Джеффри Эпштейн ісіне қатысты құжаттардың соңғы бөлігін жариялағаннан кейін Мандельсонның 2009 жылы бизнес істері жөніндегі министр қызметінде жүргенде Эпштейнге үкіметтің ішкі құжатын жолдағаны анықталды. 

Айта кетейік, 2008 жылы Эпштейн кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және зорлау ісі бойынша айыпталған. Ол кінәсін мойындап, шамамен 13 ай түрмеде отырған. 2019 жылдың шілдесінде ол балаларды сексуалдық қанау мақсатында саудалау және мұндай әрекеттерді сөз байласу арқылы жасау айыптарымен қайта ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, 2002–2005 жылдары Эпштейн Нью-Йорк пен Флоридадағы резиденцияларында ондаған кәмелетке толмаған қыздармен интимдік қатынасқа түскен. Кейбір жәбірленушілердің жасы 14-ке де толмаған. 2019 жылдың тамызында Эпштейн түрмеде өз-өзіне қол жұмсады. Оның сыбайласы Гислейн Максвелл 20 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бүгінде бұл іске әлемнің назары ауды. Өйткені Эпштейннің былтыр шамамен 20 мың беттен тұратын электрондық хаттары мен белгілі тұлғалармен бірге түскен фотосуреттері жарияланды.  Олардың арасында Дональд Трамп, Билл Клинтон, Вуди Аллен, Майкл Джексон, Ричард Брэнсон және Ұлыбритания королі ІІІ Карлдың інісі Принц Эндрю бар.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар