Ұлттық талдау орталығы: Отандық өнімді тұтыну — Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Фото: gov.kz
2026 жылғы 15 қаңтарда Назарбаев Университетінде Ұлттық талдау орталығы түсіндірме форматында журналистермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс-шара барысында Ұлттық талдау орталығы басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов Қазақстанның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына шолу жасап, 2026 жылға арналған болжамдарын таныстырды. Сонымен қатар экономикалық патриотизм тақырыбына арналған жеке презентация ұсынды. Сарапшылардың пікірінше, экономикалық патриотизм бағаның өсуін тежеу мен отандық өндірісті қолдаудың тиімді құралдарының біріне айналуы мүмкін.
Сарапшылар 2025 жылдың қаңтарынан қазанына дейінгі кезеңде бағаның күрт өсуін жаһандық факторлардың, ішкі жеткізу тізбектеріндегі мәселелердің және тарифтік саясат ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Расул Рысмамбетовтің айтуынша, тұрмыстағы қарапайым мысалдың өзінде үлкен еңбек жатқанын бағалау қажет.
«Үйде отырып ыстық суды пайдаланғанның өзінде оның артында экскаваторшылардың, құбыр төсейтін жұмысшылардың, жылу электр орталықтарында еңбек етіп жатқан қазандықшылардың маңдай тері бар. Әрине, барлығы тым әсіре емес, бірақ бұл бәрібір ауыр еңбек. Ал көптеген жұмысшы тарифтерді ұстап тұру салдарынан лайықты жалақы ала алмай отыр. Мемлекет үнемі таңдау алдында тұрады: арзан жылу береміз бе, әлде жылу электр орталықтарындағы жұмысшылар әділ еңбекақы ала ма деген мәселе туындайды», — дейді ол.
Ол сөзінің жеке электриктер туралы емес, ірі жүйелерге — жылу электр орталықтарына, әуе компанияларына, электр энергиясын өндіруге қатысты екенін атап өтті. Сондай-ақ жаһандық факторлардың азық-түлік бағасына әсерін түсіндіріп, қосылған құн тізбегіндегі тиімсіз делдалдықты ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, әлемдік жалпы ішкі өнімнің төмендеуі және БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баға индексі, әсіресе солтүстік жарты шарда ет бағасының өсуін көрсетіп отыр.
«Бұл Қазақстаннан етті Америкаға экспорттап жатыр дегенді білдірмейді, алайда әлемдік баға деңгейі ішкі нарыққа тікелей ықпал етеді. Мұнай нарығындағы жағдайға ұқсас: ет — күнделікті тұтынылатын тауар, сондықтан барлығы әлемдік индекстерге бағдарланады. Мысал ретінде әлеуметтік көмірді алайық. Көмір кен орнынан алынып, жартылай вагондарға тиеліп, жылу электр орталықтарына жеткізіледі. Алайда көбіне екі ортада делдалдар пайда болып, көмірді кен орнынан сатып алып, оны қайтадан орталықтарға сатады. Олар көмірді ұсақтамайды, логистика ұйымдастырмайды, тек құжат жүзінде, отырып алып пайда табады. Осындай жағдай азық-түлік нарығында ет, көкөніс, жеміс-жидекке де қатысты. Кейбір компаниялар нақты құн қалыптастырса, енді біреулері тек тізбекке кіріп алып, пайдаға батады», — дейді экономист Расул Рысмамбетов.
Сарапшы Ақбөбек Ахмедьярова бағаның өсуін импортқа тәуелділікпен байланыстырды. Оның айтуынша, азық-түлік инфляциясының негізгі себептері — сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік, климаттық жағдайлар және мал аурулары. Сонымен қатар сыртқы экономикалық ахуал мен Қазақстанның азық-түлік саласында Ресейге тәуелділігі де маңызды фактор болып отыр.
Оның дерегінше, сүт өнімдерінің шамамен жартысы және еттің төрттен бірі импортталады. Баға күрт өскен кезде бұл тауарлардың тұтыну себетіне әсері де арта түседі.
«Тұтынушы ретінде ет пен сүтті бірден азайта алмаймыз, ал өндіріс сұраныстың өсуіне лезде жауап бере алмайды, себебі бұл көптеген тәуекелі бар күрделі процесс. Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі, сондықтан рубльдің тұрақсыздығы, инфляциялық күтулер мен мұнай бағасы ішкі нарықтағы бағаға тікелей ықпал етеді. Бұған қоса, жергілікті өнімдердің өзінде қаптама, шикізат сияқты импорттық құрамдастар бар. Сол себепті инфляцияға әрбір элементтің үлесін анықтау үшін өнімдерді толық талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді сарапшы.
Сарапшы Салтанат Джаненова мәселенің шешімі ретінде экономикалық патриотизмді дамыту қажеттігін айтады. Оның мәні — отандық өндірушілердің өнімдері мен қызметтерін саналы, ұтымды және ерікті түрде таңдау. Жүргізілген сауалнамалар мен зерттеулер қазақстандықтардың жалпы алғанда отандық өнімдерге оң көзқараста екенін көрсеткен.
«Алайда ірімшік, йогурт және қоюлатылған сүт сегментінде жағдай басқаша, бұл жерде әлі де импорттық өнімдер, әсіресе Беларусьтен келетін тауарлар басым», — дейді ол.
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағасының өсу себептерін түсіндірген болатын.
Сол кезде Қазақстанда, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сегментінде баға өсімінің баяулағаны айтылды: тамыз айында бұл тауарлар бойынша инфляция іс жүзінде тоқтап, кейбір өнімдер өткен жылмен салыстырғанда арзандады. Дегенмен азық-түлік себеті құнына негізгі әсер ететін фактор ретінде сиыр еті күннен-күнге өсіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Еліміздің жәрмеңкелерінде бір күнде 200 тоннаға жуық сиыр еті сатылды
- Баға шарықтап барады: Қазақстанда ет бағасы бір жылда 30 пайызға өсті
- Етті түсіңде көресің: Ел халқы көп тұтынатын негізгі тағамдар қымбат, үкімет шешім таба ма?
- «Жасыл дәліздер» мен жәрмеңкелер: Үкімет жаңа жыл алдында азық-түлік арзандайтына уәде берді
Жаңалықтар
- Ұлттық талдау орталығы: Отандық өнімді тұтыну — Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
- Қазақстандық Анна Данилина әлемнің жетінші ракеткасы
- Қысқы Олимпиада-2026: Жарыстың 15 ақпандағы нәтижесі
- Қазақстан McDonald’s желісін етпен қамтамасыз ете алмады
- Павлодар облысында екі адамның мәйітін үйінде сақтаған кейуанаға қылмыстық іс қозғалды
- Қонаевтың жиені, белгілі энергетик Алтай Қадыржанов қайтыс болды
- Жетісуда жолға шықпау туралы ескертуді елемеген бес көлік апатқа ұшырады
- Алматыда өткен Winter Run жарысына 22 елден 2 500 адам қатысты
- Балалар онкологиясымен күрес күні: Қазақстандағы негізгі көрсеткіштер
- Ирандағы аятоллалар режиміне қарсы Мюнхенде жаппай митинг өтті
- Шымкентте аяусыздықпен ажал құшқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді
- Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді