Ұлтаралық алауыздықты қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды

cover Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде «Северный Казах» деген лақап атпен танымал болған блогер Аслан Төлегенов ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл ақпаратты Kozachkov offside Telegram-арнасы таратты. Атышулы іс бойынша сот отырысы жабық түрде өткен. Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты ресми түсініктеме берді. Соттың мәліметі бойынша, айыпталушы Youtube-та өз арнасының авторы және әкімшісі бола отырып, ұлттық алауыздықты қозғауға бағытталған бейнероликтерді жариялаған.​Сонымен қатар, ол жалған ақпарат таратқан.

​Сотта Аслан Төлегенов кінәні толық мойындады.

«Іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Сотта сараптама қорытындылары, ұялы телефон, интернет-сайттағы бейнежазбалар тексеріліп, дәлелденді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Сот үкімімен блогер 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. 

Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары осы жолы да аукционда сатылмады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар