Түрмедегі Жыланбаев тағы аштық жариялады
Фото: инстаграм @marat_zhylanbayev
Түрмеде отырған марафоншы, белсенді Марат Жыланбаевтың тағы аштық жариялағаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы белсендінің адвокаты хабарлады. 18 қарашада Марат Жыланбаев пен адвокаты Мейіржан Досқараев кездескен. Адвокаттың айтуынша, марафоншы соттың өзіне қатысты шыққан шешіміне наразылық білдіріп, 13 қарашада мерзімсіз аштық акциясын бастаған.
Сонымен қатар Жыланбаев түрмедегі санитарлық жағдайдың нашарлығын, тамақ дұрыс берілмейтінін және адвокаты мен достарына қоңырау шалуға мүмкіндік берілмейтінін атап өткен.
Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №4 мекемесі бұл жағдайға түсініктеме бермеді.
Марафоншы Марат Жыланбаев бұған дейін де аштық жариялап, адам құқығы бұзылып жатқанын мәлімдеген еді.
Марат Жыланбаев еліміздің түрмелеріндегі өмірдің шынайы көрінісін көрсетті. Orda.kz оның жолдаған хатын ықшамдап назарларыңызға ұсынады.
Жаңалықтар
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
- Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
- Алматыда дін қызметкері Иаков Воронцов нашақорлар тобын құрып ұсталды
- Судья Светлана Жолманова тағы қылмыстық іс арқалады
- Тағы да Талғар — зәреңді алар: Ғалымжан Шерзатұлының өліміне кім кінәлі?