Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты

cover Фото: Түркістан қалалық балалар ауруханасы

Түркістан қалалық балалар ауруханасына жедел түрде 15 жастағы қыз жеткізілген. Дәрігерлер оны тексере келе асқазанынан ірі көлемдегі бөгде затты анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Шұғыл түрде жасалған хирургиялық ота нәтижесінде қыздың ішінен салмағы 900 грамм болатын шаш шыққан.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Белгілі болғандай, ол бала күнінен тырнақ жеп, шаш соруға әуес болған екен.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар