Түркістан облысында газ құбыры маңында көлік өртенді
Фото: ТЖМ
Түркістан облысы Төле би ауданындағы Абдулабад ауылында жол-көлік оқиғасынан газ құбырын күзететін аймақа автокөлік өртенді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға бүгін таңертең болған. QazaqGazAimaq АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне газ құбыры маңында көлік өртенгені туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жеткен мамандардың мәліметінше, автокөлік жерүсті газ құбырына соғылған. Құбыр зақымдалып, газ тұтанып, салдарынан көлік өртенген. Алдын ала дерек бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт жедел түрде сөндірілді», деп мәлімдеді ТЖМ.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жағдайды оқшаулау мақсатында мамандар «Зератас» газ тарату стансасынан газ беруді уақытша тоқтатып, жедел жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта тұтынушыларға газ беру штаттық режимде жалғасуда, абоненттер ажыратылмаған.
Компания өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігі мен газбен жабдықтаудың тұрақтылығына басты басымдық беріледі. Қажетті техникалық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін нысан толық қалпына келтіріледі.
Мамандар тұрғындарды газ құбырларының күзет аймақтарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Оқиғаның мән-жайы нақтыланғанға қосымша ақпарат беріледі.
Жаңалықтар
- Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы ортақ ұстанымдарын нақтылады
- Маңғыстаудағы Бейнеу полигонында әскери қызметші қаза тапты
- Түркістан облысында газ құбыры маңында көлік өртенді
- Burger King-тегі дау: Компания шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды
- Алматылықтар жер сілкінісін сезді
- Түркістанда тағы да жантүршігерлік оқиға: Басына секіріп, өлімші етіп сабаған
- Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
- Ақша берді ме? Қостанайлық полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалған
- 4 баласы бар: Пашинян азаматтық некедегі әйелімен ажырасты
- Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
- Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады
- АҚШ-та мектептегі хоккей матчында атыс болды: Үш адам оққа ұшты
- Түркістан облысында 4 жасар балақай 5-сынып бағдарламасын меңгерген
- Burger King желісіндегі дау: Басшылардың бірі уақытша шеттетілді
- СҚО-да ер адам танысының қолынан қаза тапты
- Тоқаев Си Цзиньпинді жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- Екі құрбысы ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамай отыр
- «Қайта ұсталды»: Теміртауда полицейлер күдіктіден көз жазып қалған
- Burger King жанжалы: Шетелден келген басшы инклюзив жігітті қудалап жатыр ма?
- Бадам өзенінен тас ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды