Төрт баласы қайтыс болған отбасыға қандай көмек көрсетілді?
Абай облысы төрт баласы қайтыс болған отбасыға қалай көмектесті.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сауалдарына жауап берген аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев өрт кезінде төрт баласынан айырылған отбасына қандай көмек көрсетілгенін айтты.
"Оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Қазір олар уақытша екі бөлмелі пәтермен қамтамасыз етілді. Үй тұрмыстық техникамен және жиһаздармен толықтай жабдықталған. Желтоқсан айында оларға Өскеменде екі бөлмелі пәтер беріледі. Өйткені олар сонда тіркелген. Біз жұмысты жалғастырамыз қажетті көмек көрсетеміз», - деді облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 25 қазан күні сағат 11:00 шамасында Аягөз қаласында болған. Бұрын хабарланғандай, жеке тұрғын үйден өрт шығып, оқиға орнына бірінші болып учаскелік полиция инспекторы шыққан, ол төрт баланың мүрдесін тапқан.
Сегіз жасар егіздер мен олардың үш және екі жастағы інілері көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болғаны мәлім. Сондай-ақ бұрын хабарланғандай, отбасының әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді және оқиға кезінде жұмыста болған, ал анасы базардан азық-түлік сатып алуға кеткен.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті