Тоқаевтың қауіпсіздігіне джиу-джитсудан абсолютті әлем чемпионы жауапты

cover

Роман Төреханов Мемлекеттік күзет қызметі (МКҚ) басшысының орынбасары – президенттік қауіпсіздік қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Мемлекет басшысының Өкімімен Роман Әлмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада. 


Төреханов мемлекеттік күзет қызметкері ретінде 2016 жылы джиу-джитсудан абсолютті әлем чемпионы атанғаны белгілі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар