Тоқаев Сауд Арабиясы Королі мен тақ мұрагерін құттықтады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Салман бен Абдельазиз Әл Саудқа және тақ мұрагері, премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа Сауд Арабиясы Корольдігінің Құрылу күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Құттықтауында президент Сауд Арабиясының ислам әлемі мен Таяу Шығыстағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастық достық пен өзара қолдауға негізделген және алдағы уақытта одан әрі дамуға зор мүмкіндік бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король мен тақ мұрагеріне жауапты қызметтерінде табыс тілеп, Сауд Арабиясы халқының бейбітшілік пен бақуаттылықта өмір сүруіне тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар