Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады

cover Фото: Instagram / Әлия Рүстемова

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ерлігі үшін» медалімен жедел жәрдем станциясының фельдшері Ұлдану Мырзуан Қалдарханқызын марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл мемлекеттік марапат қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын жағдайда шұғыл әрекет жасай білген ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілді.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 8 қарашада болды. Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлап сол арадағы адамдардың үсітне түседі. Салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың арасында шақыртуға келген екі жедел жәрдем фельдшері бар. Солардың бірі — 23 жастағы Ұлдана Мырзуан. 

Айта кетейік, дәрігерлер Ұлдану Қалдарханқызының өмірі үшін 10 күн күресті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар