Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталды
Telegram желісі негізін қалаушы және ВКонтакте әлеуметтік желісін құрушы Павел Дуров Париж Ле Бурже әуежайында ұсталды. Оған бірқатар ауыр қылмыстар бойынша айып тағылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Француздық TF1 телеарнасының хабарлауынша, Дуров 24 тамыз күні кешке жеке ұшағымен Парижге қонған кезде ұсталған. Бортта кәсіпкермен бірге оның оққағары мен телеарна аты-жөнін көрсетпеген әйел болған. Дуров Парижге Әзірбайжаннан келген. Алдын ала тергеуден кейін оны қамауға алу туралы санкция берілді.
TF1 хабарлауынша, Дуровтың ұсталуына Telegram-да модерацияның болмауы және кәсіпкердің заңсыз контенттің таралуын анықтау және жолын кесуде француз құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартуы себеп болған. Француз қауіпсіздік күштерінің көзқарасы бойынша, бұл мессенджер негізін қалаушыны «есірткі саудасының, балаларға қарсы қылмыстардың және алаяқтықтың сыбайласы» етеді.
Дуров сотқа жергілікті уақыт бойынша 24 тамызда кешке келуі тиі еді. Оған терроризм, ақша жылыстату, қылмысқа қатысу және жасыру сияқты ауыр айыптар тағылуы мүмкін.
TF1 дереккөзінің мәлімдеуінше, Павел Дуров кепілге жіберу мүмкіндігіне қарамастан қамауда қалады. Бұл Франция билігінің көзқарасы бойынша «қылмыстық мазмұн ұясына» және «ұйымдасқан қылмыстың №1 платформасына» айналған Telegram үшін сигнал болуы тиіс.
Жақында Павел Дуров Қазақстанға келіп, елдегі мессенджер жұмысының сапасын арттыру жөнінде келіссөздер жүргізген болатын.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды