Тауқыметі таусылмаған Талғарда тағы да прокурор ауысты
Фото: instagram: almaty_obl_prok
Бір жыл бұрын 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі Қазақстанды дүр сілкіндіріп, шенеуніктермен қоса прокурор да ауысқан еді. Бір жылдан соң Талғарда тағы да прокурор ауысты. Бұл жолы қызметке Жайнарбек Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жайнарбек Мыңбаев бұл орынға 2024 жылдың қазан айында тағайындалған Ерлан Тағаевтың орнына келді.
Жалпы соңғы кезде Талғарда қанды қылмыстың өршіп кеткені баршаға мәлім мәселе. Осыдан бір жыл бұрын 16 жасар Шерзат Полат кісі қолынан мерт болған кезде Талғар ауданының полиция басшысы бір емес, қатарынан екі рет ауысты. Бірінші рет 2024 жылдың 2 желтоқсанында және 2025 жылдың 14 қаңтарында тағы да аудандық полицияның басшысы ауысты. Ал 2024 жылдың 18 қазанында Талғар ауданының прокуроры жұмысынан босатылды.
Еске сала кетейік, Талғар ауданының Қызылқайрат ауылында 2024 жылы 6 қыркүйек күні тағы да жаншошырлық қылмыс болды. Кездесіп жүрген қызын зорлап, бір ай бойы жалаңаш суреттері мен видеоларын түсіріп, қоқан-лоқы көрсеткен ер адамды полицияға ұстап апарып тапсырғанымен, Талғар полициясы оны қамауға алмастан босатып жіберген. Салдарынан келесі күні күдікті зорланған қыздың ағасын жүрек тұсынан екі рет атып, 3 жасар бүлдіршінді кепілдікке алған еді. Бұл оқиғаның мән-жайын мына материалдан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті