Тас жолда самокатпен жүруге тыйым салынады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев электросамокатпен тас жолда жүруге болмайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Министрдің айтуынша, самокатпен жүретіндер жоқ жерден қиындық тудырып жатыр.
– Бүгінде сағатына 80 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүретін электросамокаттар бар. Бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар жол қозғалысына қатысушы көлік қатарына жатпайды. Яғни, жол қозғалысы туралы заңда ондай көлік енгізілмеген. Электросамокаттардың заңда көлік қатарына енгізілмеуінің бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл техникалық құралғының сертификаты жоқ, екіншіден, олар көлік құралына қойылатын талаптарға, яғни дөңгелектің диаметріне, тежеу жүйесіне, бүйір шамдардың, артқы көрінетін айналар мен қауіпсіздік жүйелерінің болмауына байланысты, қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Электросамокаттармен тас жолдарда жүруге қатаң тыйым салынады, - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министр алда бұл мәселені шешуге уәде берді.
– Себебі бірқатар электросамокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асады. Бұл мәселе елімізде ретке қойылмаған. Қазіргі уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды. Менің ойымша, осы топтың шешімі бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі, - деді.
Жаңалықтар
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
- Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
- Прокурор Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады
- Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
- «Жаза бәріне ортақ»: Премьер Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты
- Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер өзі түсініктеме берді
- Жәбірленуші бола тұра қылмыскер атандым: Аяусыз пышақталған жасөспірімнің анасы әділдік сұрайды
- Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
- Перизат Қайраттың Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар
- Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
- Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
- Тоқаев әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
- Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды