Тараздағы процедуралық кабинетте ине салдырған науқас қайтыс болды: Сот үкім шығарды
Фото: Pexels
Таразда бір адамның өліміне әкелген жағдайдан кейін процедуралық кабинет иесі мен сол жерде жұмыс істеген медбике сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу барысында белгілі болған ақпаратқа қарасақ, олар бірнеше жыл бойы рұқсатсыз, яғни лицензиясы мен сертификаты жоқ кабинетте ине салып, ем жасап қызмет көрсетіп келген. Биыл ақпанда медбике ер адамға «цефтриаксон» деген антибиотик салған. Содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Сот кәсіпкер әрі кабинет иесі болып отырған адамның медициналық қызметті заңсыз көрсеткенін, ал медбикенің кәсіби міндеттерін өрескел бұзғанын анықтады.
Нәтижесінде кабинет иесі 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, марқұмның отбасына 6,2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Ал медбике 1 жылға сотталды. Бірақ ол рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты. Сонымен бірге оған үш жыл бойы ине салып, ем жасауға тыйым салынды.
Айта кетейік, Қазақстанда зергерлік бұйымдарды ұрлап, ізін суытқан әйел Стамбұлда ұсталды.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді