Талғарда Шерзаттың өртенген үйіне қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: instagram / justice_for_sherzat
Талғарда Шерзат Полаттың отбасы тұрған үйдің өртенуіне байланысты тергеу іс-шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларда олардың мүлкінен ештеңе қалмағаны байқалады. Шерзаттың ісіне қатысты ақпараттарды салып отыратын парақшада облыс әкімі Каржаубайдың (үйдің қожайыны) үйін қайта қалпына келтіруге уәде бергені жайлы жазылған. Алайда, тергеу шараларына байланысты бұл жұмыс әлі де кешігіп жатыр. Сондықтан көпбалалы отбасының өз баспанасы қашан қайта қалпына келтірілетіні белгісіз. Олар уақытша туыстарының үйінде тұрып жатыр.
«Шерзат Полаттың отбасы ешқандай қаржы жинау туралы хабарландыру бермеді. Олардың атынан ақша жинап жүргендердің барлығы – алаяқтар! Егер Каржаубайдың отбасына қаржылай қолдау қажет болса, бұл жайлы ақпаратты ресми парақшаларда міндетті түрде жариялаймыз» деген жазба жарияланды арнайы парақшада.
Еске сала кетейік, бұл шудан соң күдікті ретінде кейінірек ұсталғандардың бірінің анасы Қазакенова Лейла бейнеүндеу жасап, баласының оқиға орнында болмағанын айтты. Оның айтуынша БАҚ-та тараған 13 адам деген сөзге бола, адам санын толтыру үшін оның баласы мен досын ұстап әкеткен.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Аисов 15 қазан брифинг өткізген. Ұсталғандардың кімдер екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған бар оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран