Талдықорған полициясының бұрынғы басшысын ауруханада арнайы жасақ күзетіп отыр
Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы жатқызылған ауруханада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Арнайы жасақ барлық қабатта орналастырылған, оның қауіпсіздігі отбасына сеніп тапсырылған.
Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев 5 наурызда ауруханаға жеткізілді.
Облыстық кардиологиялық орталықта тұрақсыз стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылды. Алайда сол күні кешке Күштібаев Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылды.
«Күйеуім артериялық гипертензия, стенокардия және созылмалы бронхитпен басқа ауруханаға жіберілді. Неге екенін білесіз бе? Кардиологиялық орталықта сотталушыларға арналған арнайы бөлімше жоқ екен» деп ашуланды Күштібаевтың әйелі Ләззат Түкенова.
Оның айтуынша, көпсалалы ауруханада да жағдай бұдан жақсы емес.
«Денсаулығы нашар болғанына қарамастан, оны төсекке кісенмен таңып, палатада және оның сыртындағы күзетке көп адам қойылды. Бұл не? Бұл жағымсыз хайп кімге керек? Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен прокуратура қызметкерлерінің бұдан басқа шаруасы жоқ па? Күштібаев сияқты науқас адам қашып кетеді деп ойлай ма?»,- дейді әйелі.
Сотталушының әйелінің айтуынша, тәртіп сақшылары дәрігерлердің қойған диагнозына күмән келтіріп, медицина қызметкерлеріне де қысым көрсеткен.
«Егер ертең ауруы қайталанып, өлімге әкелсе бұған кім жауап береді? Ең алдымен адамды емдеуге гиппократ антын қабылдаған дәрігерлер міндетті ме, әлде прокуратура мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ме?»,- деп сұрайды Күштібаевтың әйелі.
Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда Алматының 27 жастағы тұрғынын зорлады деп айыпталған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот процесі жалғасуда.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті