Тағы да жер сілкінді

cover Фото: freepik.com

Қырғызстанда магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жексенбіде сағат 23:44-те (Астана уақыты бойынша 22:44) тіркелген. 

Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 139 шақырымда және Ноқаттан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан. Оның ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар