Бүркіт үкіден неге қорқады?
Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Елімізде бүркіт көбінесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау таулары мен орман алқаптарында кездеседі. Бүркіт – жыртқыш құс. Бүркітті ақиық, мұзбалақ, қараша, көктабан, шөгел, көк бүркіт, су бүркіт, дала бүркіт, тау бүркіті деп атайды. Бүркіттің түсі қоңыр. Салмағы 4 килограммға дейін барады. Дене тұрқы – 95 сантиметрге дейін болса, жайған қанаты 2 метрге дейін жетеді. Бұл ерекше әдемі құстың ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу келеді.

Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.

Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.
Бүркіт үкіден неге қорқады?
Бүркіт пен үкі екеуі өш. Көзі түнде көретін үкі тегеурінді бүркітке қалай қауіп төндіреді? Бұл туралы жазушы Ұларбек Нұрғалымның «Дайағашшы» деген кітабында жазылған. Қыран мен Қазақ деп аталатын бөлімінен көпшілік біле бермейтін табиғат құпиясы бар.
– Бүркіт әдетте мойынын қайырып, тұмсығын екі топшысының арасына салып қонақтайды. Ал түзде жүрген бүркіт түнде қонақтағанда кеудесін жартасқа тіреп қонақтайды екен. Әкемнің айтып келе жатқан әңгімесінің арасындағы осы бір жағдай сөз бола қалғанда «неге олай?» деп сұрап қалғанымда әкем, «бүркіт пен үкі екеуі өш қой. Түнде бүркіт қонақтағанда жемсауы ашық қалады емес пе? Көзі түнде көретін үкі бүркіт қонақтап отырғанда жемсауына шеңгел салса болды, оп-оңай жарып кетеді. Бүркіттің ең әлсіз жері – жемсауы» деді.
Бұл «Дайағашшы» кітабынан үзінді. Мінеки, табиғат құпиялары осындай қызық дүниелерден тұрады. Аспан перісі аталатын жыртқыш құс бүркіттің де өзіндік қаупі һәм қорқынышы бар екен.
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Гонконг қаржы ұйымдары арасында тікелей көпір қалыптаса бастады
- Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 39,3% акциясын сатып алды
- Атырауға келген Қуат Хамит айыппұл арқалап, ол қатысқан жарыста төбелес шықты
- Балқашта кафеде атыс болып, даяшы қыз жараланды
- Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс тергеліп жатыр
- Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарды тексереді
- Қарағандыда Lada жүргізушісі 20 жастағы қызды қағып, ол оқиға болған жерде қаза тапты
- Астана қалалық ауруханасында медбикеден туберкулёз анықталды
- Германияның солтүстігінде алғаш рет өлімге әкелетін борна вирусы тіркелді
- Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болды
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік соңғы кезеңге жетіп қалды
- Жамбыл облысындағы шопан 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды
- Тоқаев Қытайдағы шахтадағы қайғылы оқиғаға қатысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды