Сыныптасының қолынан қаза тапқан оқушының ісі бойынша тың деректер пайда болды
Алматы облысы Қырғауылды ауылындағы орта мектептің түлегі сыныптасының қолынан қаза тапқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Orda.kz тілшісі мектепке және қаза тапқан оқушының үйіне барып қайтты.
Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні болған. Оқушылар жалға алған коттедждің есігіне мөр басылған, кіруге рұқсат жоқ.
Бұл демалыс орны экс-прокурордың меншігінде екен. Бұл демалыс орны туралы көршілері айтып берді.
«Бұл үйді ылғи жалға береді. Бағасы бір тәулікке шамамен 100-120 мың теңге. Саяжайдың иесі бұрын қала прокуроры болған, қазір зейнеткер. Бір бұл емес, осы көшенің бойындағы талай үйді сатып алған», – дейді саяжай маңындағы көршілер.
Тұрғындар күзеті жоқ саяжайда бір күні жанжал болатыны анық еді деп отыр.
«Таңғы сағат бесте жұмысқа шығып едім, 7-8 полиция көлігі тұр екен. Не болды деп сұрап едім, адам өлді деді. Саяжайды жалға берген соң оны күзету керек, демалушылардың қауіпсіздігіне назар аудару керек. Бұл жерге кім келіп, кім кетпей жатыр», – дейді Шолпан есімді көрші.
Orda.kz тілшісі саяжайға кіруге рұқсат болмаған соң, екі оқушының мектебіне барып қайтты.
Мектептегілер екі оқушының да жақсы оқушы болғанын айтты. Екеуі де үлгілі отбасынан шыққан. Мектеп әкімшілігінің бұл кеш туралы хабары болмапты. Екі оқушы да ешқандай есепте тұрмаған. Оқу үлгерімдері де жақсы.
Қаза тапқан оқушының құрдастары өте жуас екендігін айтты. «Орда» дереккөзі оқушының әкесі жалдамалы жұмысшы, анасы балабақшада медбике болып жұмыс жасайтынын айтты. Екі жылдан бері баланың ата анасы ажырасқан, бөлек тұрады екен.
Қайғыдан қан жұтқан анасына көңіл айтып, болған оқиға жайлы уәжін белуге барған тілшілерімізді үйіне кіргізбеді.
Еске сала кетейік, орта мектептің 11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтпек болып, Қырғауылды ауылының маңындағы «Dolan hills» коттеджін жалға алған. Оқушылар көңілді кеш жайлы ата-аналарының whatsapp чатына фотолар жіберіп, жағдайдан хабардар етіп тұрған. Алайда екі оқушы дауласып қалып, бірі екіншісіне кәуап пісіретін темірді (шампурды) сұғып алған. Оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Екі оқушының да ата-анасы қарапайым еңбек адамдары екен. Полиция сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінген бозбаланы оқиға орнында ұстады.
«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті деп танылған жәбірленушінің сыныптасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді облыстық полиция департаменті.
Білім басқармасына ұсыныс енгізілген.
Жаңалықтар
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
- Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
- Алматыда дін қызметкері Иаков Воронцов нашақорлар тобын құрып ұсталды
- Судья Светлана Жолманова тағы қылмыстық іс арқалады
- Тағы да Талғар — зәреңді алар: Ғалымжан Шерзатұлының өліміне кім кінәлі?
- Украина астанасында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін құлата ма?
- Шымкентте келіншекті өлтіріп, мәйітін қоқыс маңына тастаған жасөспірімге жаза мерзімі ұзарды
- Елді екеулеп басқарғыларыңыз келе ме? Қырғыз басшысына қойылған сұрақ
- Алматыда 8 жыл бойы заңсыз инвестициялық қызметпен айналысқан алаяқ қолға түсті
- Алматыда интернет арқылы есірткі сатумен айналысқан 11 адам ұсталды
- Дүниежүзілік банк Қазақстанға алты жыл бойы 1 млрд АҚШ долларына дейін қаржы бөлуге дайын
- Референдумның үгіт-насихат жұмыстары басталды
- 35 градусқа дейінгі аяз: Оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді
- Қырғызстанда парламент спикері отставкаға кетті
- Мемлекет басшысы Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-құрылтайы өтеді
- ХОК шеттетілген украиналық скелетоншыға Олимпиадада қалуға рұқсат берді
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты