«Сөз бостандығының құны бар»: Айдос Садықовтың есімі әлем журналистері мемориалына қашалып жазылды
Фото: Н. Садықова және И. Петрушова II Facebook
Францияның Байе қаласында әлем журналистері мемориалына қастандықпен өлтірілген қазақстандық журналист Айдос Садықовтың есімі қашалып жазылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Садықовтың жұбайы Наталья Садықова Facebook парақшасында жазды.
«Ол ақиқат үшін өмірін құрбан етті. Енді оның есімі сөз бостандығы үшін қаза болған журналистердің арасында мәңгі қалады. Сөз бостандығының құны бар, Айдос ол үшін өмірін берді» деп жазды жұбайы.
«Шекарасыз тілшілер» (Reporters Sans Frontières) ұйымы 2006 жылы ашқан мемориал кәсіби міндетін атқару кезінде қаза тапқан журналистердің құрметіне арналған. Енді олардың қатарында «Бәсе» YouTube-арнасының авторы, қазақстандық журналист Айдос Садықовтың да есімі бар.




Фото: Н. Садықова және И. Петрушова
Еске сала кетейік, Айдос Садықов 2024 жылы Киевте қастандық салдарынан көз жұмған. Украина полициясы қылмысқа Қазақстан азаматтары — Алтай Жақанбаев пен бұрынғы полицей Мейрам Қаратаевты күдікті ретінде атаған. Ал марқұм журналистің жақындары мен құқық қорғаушылар Садықовтың өліміне Қазақстан билігінің қатысы бар деп есептейді.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды