Сотталған мұнайшылардың туыстары сот үкіміне қарсы

cover

Жаңаөзендік сотталған мұнайшылардың туыстары әділ сот талқылауын талап етіп, Нұр-Сұлтандағы Жоғарғы Соттың алдына жиналды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Жаңаөзендегі мұнайшылар «қылмыстық топ құру», «қылмыстық топтың қызметіне қатысу» және «заңсыз қару сақтау» сияқты бірқатар айыптар бойынша бес жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылған.

Сотталушылардың туыстары 13 қаңтарда шығарылған сот үкіміне наразылықтарын білдіріп, соттың біржақты өткендігін айтып шағымданды.

Сотталғандардың арасында Жаңаөзен қаласының тұрғыны Айман Егізбаева, Төлеген және Дәурен Егізбаевтардың екі ұлы бар. Сот оларды қатаң режимдегі колонияда 16 және 17 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасының қатысушысы Самат Қойшыбаевты «ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысына қатысқаны», «бұзақылық» және «қаруды заңсыз сақтаған және қолданған» деген айыптармен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Саматтың анасы Зияда Өтебекова да сот үкімімен келіспейді.

Осыдан кейін қатысушылар Жоғарғы Сот ғимаратына кіріп, өз шағымдарын жіберді.

29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Маңғыстау облысы бойынша ішкі істер департаменті Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында «қауіпті қарулы қылмыстық топты ұстау» бойынша арнайы операция өткізіп, 17 адамды ұстады. Оларға адам ұрлау, бопсалау, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау айыбы тағылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар