Атырауда әкесі егіздерді зорлады деген күдікке ілінді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Атырау тұрғыны күйеуін ұлы мен қызын зорлады деп айыптады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Әйел ЭКО көмегімен егіз баланы дүниеге әкелгенін айтты. Анасының айтуынша, балалар балабақшаға барған кезде біртүрлі мінез таныта бастаған.

«Балалар балабақшада оғаш мінез көрсете бастағанда, мен бұл бейімделу деп ойладым. Кейін жыныс мүшелерінің түрлі жарақаттарын байқап, балаларды дәрігерге апардым. Балалар жыныс мүшелері туралы оғаш сөздер айта бастады және әкелерінен қорқатынды шығарды. Облыстық ауруханада жүргізілген диагностикадан кейін хирургия бөлімінің меңгерушісі жыныс мүшелерінің зақымдануы мен өзгерістерін анықтады», - деп бөлісті Атырау қаласының тұрғыны «Не Молчи» қорымен. 

Атап өткендей, қазір полиция істі тергеуді бастады. Бірақ анасы күйеуінің жазадан құтылып кетуінен қорқады.

«Оның керемет байланыстары бар. Балаларды қадағаламаған өзімнің кінәм деп білемін, бұл қылмыскер жазасын алса екен деймін», – деді анасы. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар