Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытына тағы да зымыран ұшырды
Фото: Aljazeera.com
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды. Оңтүстік Корея әскерилерінің мәліметінше, зымырандар шамамен 900 шақырым қашықтыққа ұшқан. Бұл КХДР-дың 2026 жылғы алғашқы қару-жарақ сынағы, деп хабарлайды Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Жексенбі күні, 4 қаңтарда, Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды. Оңтүстік Корея әскерилері ұшыруларды Пхеньян маңынан жергілікті уақыт бойынша шамамен 07:50-де тіркеді. Әскерилердің дерегіне сәйкес, зымырандар шамамен 900 шақырымға дейін ұшқан.
Жапонияның жағалау күзеті кем дегенде бір зымыранның теңізге құлағанын хабарлады. Оңтүстік Корея президентінің кеңсесі орын алған жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізді.
Бұл — КХДР-дың 2026 жылғы алғашқы зымыран сынағы. 2025 жылғы 29 желтоқсанда ел басшысы Ким Чен Ынның қатысуымен екі стратегиялық қанатты зымыран Сары теңіз бағытына ұшырылған болатын. Бұған дейін Солтүстік Корея қараша айының басында баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізген еді. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың аймаққа сапары кезінде Ким Чен Ынмен кездесуге мүдделілік танытқанынан шамамен бір апта өткен соң болған. Алайда Пхеньян бұл ұсынысқа жауап берген жоқ.
Сонымен қатар, 11 қазанда КХДР басшылығы екі жылдан кейін алғаш рет Пхеньянда ірі әскери парад өткізіп, онда жаңа «Хвасон-20» құрлықаралық зымыранын көрсетті. Мемлекеттік ЦТАК ақпарат агенттігі оны «ең қуатты ядролық стратегиялық қару» деп атап, осы зымыранның көмегімен Солтүстік Корея АҚШ аумағындағы нысандарды жоюға қабілетті болатынын мәлімдеді. Парадта Солтүстік Корея басқа да қару-жарақ түрлерін, соның ішінде гипердыбыстық зымырандарды таныстырды.
Оқи отырыңыз:
Солтүстік Кореяның сегізінші зымыран ұшырғанына АҚШ ашулы
Солтүстік Корея Жапонияға баллистикалық зымыран ұшырды
Ким Чен Ын тыңшылық спутнигін ұшыруға қызын алып келді
Жаңалықтар
- Орыс православие шіркеуінің бұрынғы қызметкері Иаков Воронцов тағы ұсталды
- Қазақстандықтар «әдемі» автонөмірлерден ақшасын аямады: Бюджетке қанша кіріс кірді?
- Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады
- Түркістан халықаралық әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
- Ким Чен Ын беделді лауазымына қайта сайланды
- Қазақстан үшінші бітімгерлік контингентін Голан жоталарына жібереді
- Енді төлқұжат пен жүргізуші куәлігін ХҚКО бермейді
- 2026 жылғы Олимпиада мәресіне жетті: Қазақстан жалпыкомандалық есепте қай орында?
- Шығын – 95 млн теңге. Шымкентте бірнеше адамды алдап кетті деген күдікті Түркиядан экстрадицияланды
- Мексикада ең ірі есірткі ұйымының жетекшісін өлтірді: Елде не болып жатыр?
- Көкшетауда алаяқтар ЖОО оқытушысын тақырға отырғызып кетті
- АҚШ президенті резиденциясын торуылдаған 20 жастағы жігіт оққа ұшты
- Алматыда 28 жастағы жігітті қар көшкіні басып қалды
- АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін
- «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылы 10-нөмірмен ойнайды
- Польшалық шорт-трекші Камила Сельер коньки жүзімен беттен соққы алды
- Қазақстандағы мыс саласы қайтадан Владимир Ким мен Эдуард Огайдың қолына өтті
- Қазақстан Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден төрт алтын медаль алды
- Шымкентте былтыр ғана салынған жол опырылды
- Өтініш бергеннің бәріне әлеуметтік көмек: Министрлік жалған ақпаратқа жауап берді