Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс салынған шарлар ұшырды
Фото: reuters
Оңтүстік Кореяның әскери қолбасшылығы КХДР өз аумағынан қоқыс салынған әуе шарларының кезекті партиясын ұшырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.
Сеул қаласының әкімшілігі қалада Солтүстік Кореяның үгіт-насихат парақшалары бар белгісіз нысанның ұшып бара жатқаны туралы тұрғындарға SMS жолдады.
Әскерилер азаматтардан оларға жақындамауды және олардың табылғаны туралы жақын жердегі әскери немесе полиция органдарына хабарлауды сұрады.
«Біз Солтүстік Кореяға өзінің адамгершілікке жатпайтын және өрескел әрекеттерін дереу тоқтатуын қатаң ескертеміз», - деді Оңтүстік Кореяның Біріккен Штаб бастықтары.
Шарларды жіберер алдында Солтүстік Корея қорғаныс министрінің орынбасары Ким Ганг Ир республика аумағында Оңтүстік Корея таратқан үгіт-насихат материалдары байқалғанын айтты.
Еске салайық, 28 және 29 мамырда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс пен нәжіс толтырылған 260-қа жуық шар жіберген болатын. Олар елдің әртүрлі жерлерінде құлап, оңтүстік-шығыс Оңтүстік Кёнсан провинциясына жетті.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті