Шымкентте 7 баланың анасын терезеден лақтырды деген күйеуі 1,5 жылға сотталды
Фото: жеке мұрағатынан
Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Шолпан Ақмырзаның жұмбақ өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай 2024 жылдың 5 ақпанында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. 42 жастағы Шолпан Ақмырза үшінші қабаттан құлап, сол жерде тіл тартпай кеткен. Оқиға болған кезде үйде оның 2 және 4 жастағы балалары болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, бүлдіршіндер «анамызды әкеміз терезеден итеріп жіберді»,- деп айтқан. Алайда балалар кәмелетке толмағандықтан, олардың сөзін сот дәлел ретінде қабылдаған жоқ.
Іс «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қаралды.
Сотта ер адам әйеліне қол көтергенін мойындады, бірақ өлім сәтінде өзге бөлмеде болғанын алға тартты. Тергеу барысында оны терезеден лақтырғанына нақты дәлел табылмаған. Нәтижесінде «отағасы» 1 жыл 6 айға ғана бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болды.

«Дау несие төңірегінде туған. Ер адам әйелінің телефонынан жасырын түрде несие рәсімдегенін байқап қойған. Салдарынан жанжал шығып, ол әйеліне тіл тигізіп, соққыға жыққан. Алайда оқиға болған сәтте ол өзге бөлмеде болғанын айтты. Терезеден итеріп жібергені дәлелденбегендіктен, іс өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қаралды», – деді судья.
Алайда марқұмның қыздары бұл үкіммен келіспейді. Олар анасының жылдар бойы психологиялық және физикалық зорлық көріп келгенін алға тартады.


«Анамызды өлтірген адам бар болғаны бір жарым жылмен құтылды. Бұл — әділетсіздік. Әкеміз бізден тек соңғы сөзінде кешірім сұрады. Бірақ біз оны кешірмейміз. Анам күннің аптабына да, даланың суығына да қарамай базарда жүріп бізді асырады. Әкеміздің қол көтеріп, қорлап келгенін бәріміз білеміз. Егер анамыз шын мәнінде өзіне қол салғысы келсе, оқиғадан үш күн бұрын ғана рәсімдеген несиені неге төлер еді? Қазір сол несиені біз төлеп жатырмыз. Ал ол ақшаға алынған жер телімі әкеміздің атына жазылып кеткен», – дейді жәбірленуші мен сотталушының қыздары.
Марқұм Шолпан Ақмырзаның артында жеті бала қалды. Ең үлкені – 22 жаста, кенжесі – 2 жаста. Ерлі-зайыптылар 16 жыл заңды некеде тұрған. 2020 жылы ажырасқанымен, кейін қайта қосылған. Алайда некені заңды түрде тіркемеген. Осы аралықта тағы екі бала дүниеге келген.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- Тоқаев Энергетикалық кеңес туралы ережеге өзгерістер енгізді
- Трамп тарифтік саясаттағы көзқарасын өзгертіп, АҚШ-та баға көтерілгеннен кейін азық-түлік бажын алып тастады
- Орталық Азия елдерінің президенттері Ташкентте қандай келісімдер жасады
- Атырау облысындағы жанармай құю бекетінде автобус өртеніп кетті
- Украина мен Ресей тұтқындарды ауқымды алмастыру туралы келісті
- Ұлытауда полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды
- Зумерлер көтерілісі: мэрді өлтіргеннен кейін Мексиканы наразылық толқыны жайлады
- Каспий тез тартылып барады: ақтаулық блогер Иран жағалауынан көңіл құлазытатын суреттер жариялады
- Қазақстан Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Бельгиямен тең түсті
- Қазақстанның бүкіл аумағында жексенбіге дауылды ескерту жарияланды
- Дастан Сәтпаев Бельгия қақпасына Қазақстан құрамасы үшін алғашқы голын соқты
- Ақмола облысында жеткіншек қызды қатыгездікпен пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
- АҚШ-та ядролық бомбаның сынақтан табысты өткені баяндалды
- Ақмола облысында 14 жастағы қызды пышақтап өлтірді
- Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысын басқарды
- Астана мектептерінде қашықтан оқыту мен маска режимі енгізілді ме?
- АҚШ КТК, «Теңізшевройл» және Қарашығанақты игеру жобасын санкциядан шығарды
- Құпия кеңес және әлемге ашылған жалғыз «терезе»: Тоқаевтың Мәскеуге сапарының астарында не жатыр?
- Тоқаев Өзбекстанның жоғары орденімен марапатталды
- Жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам көлік апаты болды