Шымкент әуежайы мамыр айына дейін күндіз жұмыс істемейді

cover Фото: Егемен Қазақстан

Шымкент әуежайындағы ұшу жолағын жөндеу бір айға созылады, деп хабарлайды Orda.kz       

Шымкент әуежайында 1 сәуірде ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады, күндізгі уақытта әуе айлағының жұмысы шектеледі.  

«2024 жылдың 1 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Шымкент әуежайы сағат 10.30-дан 18.30-ға дейін жұмыс істемейді. Осы уақыт ішінде ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі» делінген хабарламада.


Әуе компаниясы жолаушыларға рейс жағдайы туралы ақпараттық қызметтер мен қосымшада тексеруге кеңес берді.

Әуежайға барар жолда жол құрылыс  жұмыстары жалғасуда. Кептелістің алдын алу үшін жолаушылардан әуежайға ерте келіп, көліктерін жаңа терминал тұрағына қалдыру сұралады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар