Шығын – 95 млн теңге. Шымкентте бірнеше адамды алдап кетті деген күдікті Түркиядан экстрадицияланды

cover Фото: Бас прокуратура

Түркияның Анталья қаласынан бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген қазақстандық экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2019–2020 жылдары Шымкент қаласының 4 тұрғынын тақырға отырғызып кеткен. Ол жәбірленушілердің ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, 95 млн теңге көлемінде залал келтірген. Ақшаны иемденген күдікті бой тасалап, Түркиядан бір-ақ шықты.

Кейін Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Енді ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар