Шығыс Қазақстандағы жол апатында екі бала мерт болды

cover

Шығыс Қазақстан облысында үш көлік бір-бірімен соқтығысты. Салдарынан 4 адам қайтыс болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға 18 шілде түскі 15:00-де Үржар өңіріндегі Мақаншы - Жалаңашқұл тас жолының 128/22-ші шақырымында орын алған.

Geely, Kia Sportage және Lada көліктері бір-бірімен соқтығысқан. Салдарынан Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жасар ұлы, Lada жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы қаза тапты.

Жүргізушілер ауыр дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар