Шетелдік саясаткерлер мен саяси басылымдар Қазақстандағы жағдай туралы не айтты?
Фото: goarctic.ru
Жаңаөзен қаласының тұрғындары сұйытылған газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты алаңға жиналды. Артынша Ақтау, Ақтөбе, Атырау облыстарының түкпір-түкпірінде газ құнының артуына қарсылық танытқан жұртшылық бейбіт митингіге шыққан. Алматы қаласында жалғасқан митингінің арты тәртіп бұзушылыққа ұласты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен митингілердің эпицентріне айналған аумақтарда Төтенше жағдай режимін жариялап, кейін режимді тұтас ел көлемінде орнатты. Мемлекеттік телеарналардан үндеу жасаған мемлекет басшысы Алматы, Тараз, Қызылорда қалаларындағы жағдайды «террорлық акт» деп бағалады. Сондай-ақ, елімізге шетелде арнайы дайындықтан өткен содырлар шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Үкіметті тарқатты, бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. ҚҰК басшысы Кәрім Мәсімовты қамауға алды. ҰҚШҰ бітімгерлерін шақырып, мемлекеттік маңызы бар нысандарға күзетті күшейтті.
Осы аралықта шетелдік саясаткерлер Қазақстандағы жағдайға қандай баға бергеніне көз жүгіртейік.
Франциядағы Еуропарламент депутаты, саясаткер Тьерри Мариана:
– Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдары жағдайды тым әсірелеп көрсетуде. Мұндайды көру – бейбітшілік пен достықты сақтайтын елдің патриоттары үшін өте ауыр. Меніңше, осы жағдайды пайдаланып, қара ниеттілер сіздердің елдеріңізге шабуылдап үлгергісі келеді. Егер осындай жағдай орын алса, менің тарапымнан мұндай әрекеттер қатаң сыналатынына сенімді болыңыздар. Қазақстан – қолдау білдіруге лайықты ұлы мемлекет.
Сербия Республикасының жоғары заң шығарушы және конституциялық органының депутаты Драгомир Я. Карич:
– Сіздердің елдеріңізді көптен бері білемін, жақсы білемін. Қазақстан мен мені ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан келісім, достық және адамдық қарым-қатынастар байланыстырады. Бейбіт өмір сүретін Ұлы дала елін содырлар мен арандатушылардың бұлай бүлдіргенін білу өте ауыр. Әлдекімнің саяси амбициясы негізінде ұзақ жылдар бойы көпұлтты мемлекетте қалыптасқан ахуалды бір сәтте жоққа шығарғысы келетіндер көп. Депутат ретінде, Қазақстанның досы ретінде осынау жағдай тұсында өз қолдауымды білдіремін. Данышпан басшы Тоқаевтың кемеңгер саясатына сенемін және жағдайдың жедел арада реттелеуіне тілектеспін.
Саясаттанушы Аркадий Дубнов:
– ҰҚШҰ әскерін шақырғаннан кейінгі уақытта Қазақстанның Ресейге қарыздар болатыны белгілі. Қазақстанның АҚШ, Еуроодақ, Қытай және Түркия сияқты мемлекеттермен қарым-қатынасында Мәскеудің бұл шешімдерге деген көзқарасы есепке алынатын болады.
Украиналық саясаткер Александр Турчинов:
– Әлемдегі жетекші мемлекеттер мен Украинаның Қазақстандағы жағдайларға қатысты жедел әрекет етпеуінің салдарынан Ресейдің егемен елдің ішкі мәселесіне араласуы – Кремльдің Украинаға қарсы агрессиясын күшейте түсетін фактор.
Украинаның бұрынғы Бас прокуроры Юрий Луценко:
– Кремль жандармы агрессивті қалыпқа түсті. Империяны жандандыру қазір элиталарды сатып алу арқылы ғана емес, ұшақтармен және арнайы әскерилерді пайдалану арқылы жүріп жатыр. Элитасы әлсіз әрі жемқорлық жайлаған билігі бар ел Кремльдің оңай олжасына айналады.
Түркиялық Yeni Akit басылымы:
– Полиция арқылы халыққа қарсы күш қолдану, Ресей басқаратын халықаралық әскери альянстың бітімгерлерінің ел аумағына кіруі – Қазақстан басшылығының халықпен диалогқа ниетті емес екенін көрсететін факт.
RND – неміс медиатобы:
– Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқ шеніндегідей Ұлы державалар өз қызығушылықтарының аумағын қазіргі күні өз еркімен анықтай алмайды. Бірақ Путинге бәрібір. Бұған ресейлік әскери күштердің Қазақстанның авторитарлы басшылығы мүддесін бүркеу мақсатында елге кіруі дәлел. Ресей өзінің оңтүстік-шығысындағы көршісінің территориясындағы ықпалын Украина тәжірибесі арқылы арттыруды көздейді. Путин өз мақсатында жақындай түсу үшін елдегі тәртіп бұзушылықтардың ушыққан уақытын пайдаланып отыр.
The Japan Times басылымы:
– Қазақстандағы жағдай өте ауыр. Жергілікті биліктің ресейлік күштерге жәутеңдеп отырғанын көрсетсе, Мәскеу бас көтеруді одан әрі күшейтіп алуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық