«Шешімі табылғанда мәселеге оралайық»: ДСМ басшысы Теміртау дәрігерлерінің талаптарына жауап берді

cover Бейнеден скриншот: instagram.com/_gtsmn_liliya_

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, ведомство бірнеше айдан бері дәрігерлердің еңбекақысы мен жұмыс жағдайларын талдап жатыр екен, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазір министр «әділ шешім» дайындау үшін қосымша аудит жүргізуді тапсырды.

«Сіздердің айтқандарыңыз маңызды. Сіздердің мәселе туралы айтуға құқығыңыз бар екені даусыз. Мен медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған сындарлы диалогты қолдаймын. Сондықтан біз бұл мәселеге шешім дайын болғанда ораламыз деп үміттенемін» деп жазды Әлназарова. 


Сонымен қатар ол жедел жәрдем қызметкерлеріне кез келген қысым жасауға жол берілмейтінін, дәрігерлер іштегі проблемалар туралы қорықпай айтуға құқылы екенін еске салды.

Бұған дейін Теміртаудың жедел жәрдем қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігі мен қоғамға үндеу жасаған болатын. Олар зиянды және қауіпті жағдайларда түкке тұрғысыз тиын-тебенге жұмыс істеуден шаршағандарын жеткізді.


Фельдшерлер, жүргізушілер және басқа да қызметкерлер өз еңбегін құрметтеуді, тиісті жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуді және лайықты ақы төлеуді талап етеді. Қазір олар айына 200 мың теңге алады.

Еске салсақ, Шу ауданының Төле би ауылының жедел жәрдем қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Денсаулық сақтау министріне, депутаттарға және қоғамға үндеу жолдады. Фельдшерлер лайықты еңбекақы мен жұмысқа сай жағдайды талап етеді. Қазір олар айына шамамен 180 мың теңге алып отыр.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар