Шерзаттың ағасы қайтыс болар алдында не істегені белгілі болды
Фото: Orda.kz
Айтбек Амангелді және Шерзат Полаттың адвокаттары Марал Жайлаубаева мен Саида Тәуекелова жасөспірімнің ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Біз оны басты істердің бірінде куәгер ретінде емес, үш рет пышақ жарақатын алғандықтан жәбірленуші ретінде сотқа дайындауды жоспарлаған едік. Бүгінгі жаңалық, әрине, отбасы үшін де, біз үшін де үлкен қайғы. Оқиғаның әрі қарайғы барысы туралы хабарлайтын боламыз. Қазір біз прокуратура мен тергеу департаменті қызметкерлерімен тергеу шараларына қатысу үшін шығуымыз керек», - деді Саида Тәуекелова.
Адвокат суицид жасады деген себеп туралы айту ерте деп санайды. Хабарлама барлық туыстарына жіберілген. Хабарламалар мен скриншоттар қазір қылмыстық іске тіркелген.
«Қазір оларды мазаламау керек. Бұл олардың моральдық жағдайы үшін өте ауыр соққы болды. Қатарынан үлкен, ауыр қайғыға тап болу оңай емес. Біз бүгін таңертең Шарзаттың ағасы Нұрғанаттың қайтыс болғанын естідік. Нұрғанаттың да, Шарзаттың да отбасылары бастапқы 40 күнде тергеумен өте тығыз айналысты. Пышақ жарақатынан кейін Нұрғанат тұрақты түрде тексерулер мен емге барып жүрді, ал психологтармен жұмыс тек 40 күннен кейін басталды. Психологиялық жағдайы таңқаларлық жақсы болды, оның жоспарлары бар еді. Ол осы ауданда ет сатуды қайта бастады, табыс тапты. Дегенмен, ол жақын адамын жоғалтқандықтан, жүрегіне ауыр болды. Ол туған ұлы секілді жақын адамын жоғалтты», – деді Айтбек Амангелді.
Сонымен қатар, ол Нұрғанат Ғайыпбаев үйден кетер алында не істегенін айтып берді.
«Кеше кешке отбасымен бірге кешкі ас ішкеннен кейін Нұрғанат өз бөлмесіне барып, телефон қарап отырды. Кенеттен қатты көңілі түсіп, сыртқа шығып, көлікке отырып кетіп қалған. Түн ортасынан кейін ол жақындарына әртүрлі хабарламалар жаза бастаған: олардан ренжімеуді өтініп, өкінішін білдірген. Осыдан кейін жанұясы оны іздей бастады. Олар аудан бойынша барлық жерлерді қарап шықты. Шарзаттың қабіріне де барды, алғашында ол жерде болмады. Кейін қабірге қайтып келіп, көлікті есігі ашық күйінде тапты. Телефоны көліктің ішінде жатты. Іздеу жұмыстарын бастаған кезде, жақын маңнан оның денесі табылды. Бұған дейін Шарзаттың өлімі бойынша тергеу шараларына күнделікті қатысып келдік. Нұрғанат барлық қиындықтарға қарамастан тергеу іс-шараларына батыл қатысып, қажетті жерлерге барды. Сәрсенбіде біз жоспарлаған сот отырысы өтуі тиіс еді. Бұл сот отырысы жалған ақпарат таратуға қатысты шағым бойынша қаралуы тиіс болатын. Біз оған дайындалып, екі күн бұрын да байланыста болдық», – деп түйіндеді Айтбек Амангелді.
Жаңалықтар
- Шетелден көлік алмақ болған ер адам сан соғып қалды: «Делдалдарға» үкім шықты
- Отарда сарбаз ауыр жарақат алды: Қылмыстық іс қозғалды
- Михаил Шайдоровтың мемлекеттен ресми қанша қаражат алатыны белгілі болды
- Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерге жоспарлы тексеру жүргізеді
- Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін кімдер бақ сынайды?
- Қазақ тілі – кедейлердің, арба сүйрегендердің тілі: Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның басы дауға қалды
- Қазақстандық хоккейшілердің намысына тиген ресейлік комментатор жазаланды
- Спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Сабыржан Махметов көз жұмды
- Украинаның экс-энергетика министрі ұсталды
- Қырғызстанда Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды
- Бүгінгі ауа райы болжамы: Синоптиктер ескерту жасады
- «Отаныма разымын»: Шайдоров Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
- Ұлттық талдау орталығы: Отандық өнімді тұтыну — Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
- Қазақстандық Анна Данилина — әлемнің жетінші ракеткасы
- Қысқы Олимпиада-2026: Жарыстың 15 ақпандағы нәтижесі
- Қазақстан McDonald’s желісін етпен қамтамасыз ете алмады
- Павлодар облысында екі адамның мәйітін үйінде сақтаған кейуанаға қылмыстық іс қозғалды
- Қонаевтың жиені, белгілі энергетик Алтай Қадыржанов қайтыс болды
- Жетісуда жолға шықпау туралы ескертуді елемеген бес көлік апатқа ұшырады
- Алматыда өткен Winter Run жарысына 22 елден 2 500 адам қатысты