Шерзат Полатқа қатысты алғашқы сот отырысы басталады
Коллаж: Orda.kz
Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты алғашқы негізігі сот отырысы басталады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Айта кетейік, соттың Талдықорғанда өту себебі күдіктілердің көбі осы Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторында отырғанына байланысты. Сонымен қатар, соттың алдын ала тыңдалымында судья Ержан Жанұзақов сот отырыстарының ашық болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, күдіктілер соттың алқабилердің қатысуынсыз өткенін қалайтынын айтты.
Жалпы бүгінгі сот отырысынан не болады? Судья алдағы сот отырыстарының кестесін көрсетуі керек. Яғни, бірініші болып не жәбірленуші, не айыпталушы тараптардың қайсысының куәлік беретіні анықталады. Сонымен қатар, іске қатысты куәгерлердің нақты саны да айтылуы керек.
Еске сала кетейік, Шерзат ісі бойынша нақты 9 күдікті бар, оның ішінде бір жасөспірім ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталды. Оларды қорғауға 8 қорғаушы кіріскелі отыр. Ал жәбірленуші тараптан Мейірман Шекеев бастаған 7 адвокат болады.
Өткен алдын ала сот отырсында прокурор Ержан Құрақбаев айыптау актін көрсетті. Абзал Шынасыл — адам өлтіру және бұзақылық жасағаны үшін айыпталып отыр. Равиль Сакиев — кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық бойынша айыпталды. Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Нұрбол Тоқтаубаев мен Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — бұзақылық бойынша айыпталып жатыр. Ал кәмелетке толмаған Думан Ысқақ — ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталды. Жасөпсірімге Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов кешірім бергенін мәлімдеген болатын.
«Ал жас балаға қатысты мен басында да айтқам, қазір де айтамын, кәмелетке толмаған баланың өміріне балта шапқым келмейді. Мен кешірімді сол кезде бергенмін ол балаға, қазір де кешірім беремін», — деді Нұрымов.
Ал енді сот отырысында бұл істің қалай өрбитінін Orda.kz бақылайды. Сондай-ақ, Orda News YouTube арнасында cотты тікелей көрсетеді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең Талғардың шетінде қайтыс болған жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?