Шерзат ісі бойынша аппеляциялық сот: Сакиевтің анасы тілшілерді балағаттағаны үшін кешірім сұрады
Коллаж: Orda.kz
5 маусым күні сот Шерзат ісіндегі Равиль Сакиевті бұзақылық пен кісі өлтіруге оқталғаны үшін 20 жылға колонияға қамау жазасына кесті. Осы үкім жарияланғаннан кейін оның анасы Баян Сарманова айғай-шу шығарып, дау туғызған еді. Сол кезде оқиғаны жариялап жүрген журналистерге де ол дауыс көтеріп, балағаттаған болатын. Бүгін әйел сол қылығы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сол кездегі дөрекі сөздері үшін әйелге қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылып, айыппұл салынған еді.
Бүгін апелляциялық шағым қаралған кезде ол журналистерден өз қылығы үшін кешірім сұрап, олардың тек өз міндетін атқарып жүргенін мойындады.
«Эмоцияға беріліп, балағат сөздер айтқаным үшін дәл журналистерден кешірім сұраймын. Сіздердің бұл іске қатыстарыңыз да, кінәларыңыз да жоқ. Ол сіздердің жұмыстарыңыз. Ал мен бүгінгі аппеляциялық сотта қасақана адам өлтіру бабымен айыптап, 20 жылға соттағанына, сол 99 бапқа келіспеймін. Балам да келіспейді. Ол жерде бейнетаспада кімнің қолында пышақ болғаны көрініп тұр. Менің баламды дәлелденбеген деп прокуратура өзінің жазғанына өзі қайшы шығып жатыр. Баламды 293 баппен, бұзақылық жасады деп айыптағандарына келісемін. Бүкіл сотта мен балалардан сұрап шықтым. Олар Равиль қайда бара жатқанын білген жоқ деді. Мен бүгінгі сотқа соны сұрап келіп тұрмын», — деді Равильдің анасы.
Дегенмен, әйел әлі күнге дейін ұлы ешкімнің өміріне қастандық жасамағанын, оның кінәсі тек бұзақылықпен шектелетінін айтып отыр.
Айта кету керек, сот үкімі оқылған соң, сотталушылар өздері отырған орынның әйнегін ұрып, есігін теуіп, наразылық білдірді. Олардың ата-аналары мен жақындары осыдан кейін өре түрегеліп, айқайға басты.
Бұл оқиға қазақ қоғамын дүр сілкіндіріп, қызу талқыға түсті. Оқиға былтыр Талғарда 4 қазан күні болған еді. Бір топ адам, соның ішінде осы сотталушылар дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкентте кәсіпкер мен тоқалының арасында дау шықты
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады