Щучинск қаласындағы әскери колледжде қызылша ауруы өршіді

cover Фото: gov.kz

Щучинск қаласында орналасқан қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде қызылша ауруының өршігені анықталды. Алғашқы белгілер студенттер демалыстан оралғаннан кейін байқалған. Дәрігерлердің айтуынша, инфекция сырттан әкелінген болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазіргі уақытта 66 кадет дәрігерлердің бақылауында. Медицина мамандары барлық науқастың жағдайы тұрақты екенін және оң өзгеріс барын мәлімдеді.

Науқастармен байланыста болған тұлғалар оқшауландырылды. Колледжде карантин енгізіліп, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында санитарлық бақылау күшейтілді. Жағдай қорғаныс министрлігі мен денсаулық сақтау органдарының бақылауында.

Айта кетейік, 27 қаңтарда Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты. Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар