«Сарбаздар өліп жатыр ма? Не айтып тұрсыз!»: қорғаныс министрі неге таңқалды?
Қазақша аударма: ҚР Қорғаныс министрлігінің видеосынан скриншот
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов сенат дәлізінде әскердегі жағдайға және қаза тапқан сарбаздардың аналарының наразылығына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистер министрден: «соңғы уақытта әскери бөлімдерде сарбаздардың жиі қаза тауып жатқаны, ай сайын бірнеше өлім тіркелетіні айтылып жүр. Бұл жағдайға байланысты министрлік қандай шаралар қабылдайды?» деп сұрады. Бұл сұрақ Қосановты таңғалдырғандай болды.
«Не дейсіз? Сарбаздар? Не айтып тұрсыз?», — деп сенбегендей таңданысын білдірді қорғаныс министрі.
Оның айтуынша, қазір әскерде өлім-жітім «жиі болып жатқан жоқ». Ал наразылыққа шыққан аналар айтып жүрген оқиғалар алдыңғы жылдарға тиесілі.
«Бұл аналар айтып отырған оқиғалар 2020–2023 жылдары болған. Митингіде көтерілген мәселелер тергеу органдарының құзырында. Тергеуді Ішкі істер министрлігі жүргізеді, ал Бас әскери прокуратура бақылап отыр. Бұл мәселелер бізге тікелей қатысты емес» деп санайды Даурен Қосанов.
Журналистер аналар айтып жүрген әлімжеттік, зорлық-зомбылық, зорлау және кісі өлтіру жағдайлары жайлы сұрағанда, министр нақты деректерді ұсынуды талап етті.
Аналардың айтуынша, мұндай әрекеттерге қатысты шағымдар көбіне қайтыс болған сарбаздардың туыстарынан шығады. Ал қазір қызмет етіп жүргендердің ата-аналары ашық айтуға қорқады. Өйткені баласының өміріне алаңдайды. Ал әскерден ауыр психологиялық жағдайда оралғандар көп, сол жерде бастан кешкендерін жариялағысы келмейді. Олар өздерін бір өлімнен аман қалғандай сезінеді.
Үміті үзілген аналардың наразылығы туралы жеткізгенімізде министр әрдайым диалогқа дайын екенін айтты.
«Иә, біз оларға құлақ асуға дайынбыз. Командирлермен, психологтармен жұмыс істейміз. Бөлімдерге камера орнатып жатырмыз, пресс-турлар ұйымдастырамыз. Журналистерді айына кем дегенде бір рет шақырамыз», — деді Қосанов.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті