Сарапшы пікірі: БАӘ бюджеті Қазақстаннан аз, бірақ өмір сүру деңгейі жоғары
Фото: gov.kz
Сарапшы Олжас Байділдиновтың айтуынша, Қазақстанның 2025 жылға арналған бюджеті рекордтық 25,8 триллион теңге (52,6 миллиард доллар) болды, бұл Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) 71,5 миллиард дирхам ($19,5 млрд доллар) көлемінде бекітілген бюджетінен үш есе дерлік артық, деп хабарлайды Orda.kz.
Өте жоғары бюджеттік көрсеткіш Қазақстанды дамытуға деген үміт отын үрлеуі керек еді, бірақ Байділдинов жағдайдың мүлде басқаша екенін айтады.
«Иә, иә, Әмірліктердің мемлекеттік бюджеті Қазақстаннан аз, қаржының көптігі тиімділікті білдірмейді. Бірақ Дубай мен Абу-Даби қайда, біз қайда?» деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Байділдинов назар аударған маңызды жайттардың бірі – шығындар құрылымы. Қазақстанда субсидиялар мен әлеуметтік төлемдерге қыруар қаржы жұмсалады, ал нақты дамудың көші көрінер емес.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің ішіне үңілсек, шығыстардың жартысына жуығы әлеуметтік жағдайды шешуге бағытталып, даму үшін қалған бюджеттің 10%-дан аз екенін көреміз. Мұндай бюджеттік құрылыммен бізде даму болмайды», - деп баса айтты ол.
Қазақстан субсидияларға қыруар қаржы жұмсаса, БАӘ өз экономикасын мүлде басқа тұрғыдан құруда.
«Дубайдағы керемет құрылыстарды мемлекет салған жоқ! Ол тек инфрақұрылым мен жағдай жасады. Қалғанының бәрі – тұрғын үй кешендері, сауда орталықтары, тіпті жасанды Blue Water Island аралын– әлемнің түкпір-түкпірінен келген жеке инвесторлар қаражатына салынды», – дейді сарапшы.
Оның айтуынша, БАӘ орасан инвестиция тарта алды, ал Қазақстан, керісінше, шектен тыс қадағалау салдарынан инвестиция ағынын тежеп отыр.
Салыстыру үшін айтсақ, Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығы 2024 жылдың қазан айында 16,7 миллиард доллар пайда көрді, бұл шамамен елдің жылдық бюджеті.
Ал Қазақстанда қаражаттың қомақты бөлігі реттелетін бағаларды ұстауға жұмсалады – мысалы, қоғамдық көлікті субсидиялауға.
«Мәселен, Алматыда жол жүрудің нақты құны 310 теңгеден асады, ал халық үшін бар болғаны 120 теңге. Тек осы секторды субсидиялауға 2024 жылы шамамен 200 миллион доллар жұмсалды!». – деп жазады Байділдинов тиімсіз субсидиялардың орасан зор шығындарына тоқталып.
Сарапшының пікірінше, Қазақстанға дамуға баса назар аударатын бюджет реформасы керек, сондай-ақ бюджетті құлдиға тартатын субсидияларды қысқарту қажет. Байділдинов мұндай шаралар тұрақты өсімге жағдай жасап, күннен-күнге байқала бастаған бюджеттік дағдарысты еңсеруге мүмкіндік береді деп қорытындылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық