Сара Назарбаева ауыр халде жатыр ма? Назарбаевтың жұбайы жайлы деректер шықты
Фото: Бейнеден кадр
«Orda» басылымының бірнеше дереккөзі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары – Сара Назарбаеваның ауыр науқас екенін растады. Ол ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығының госпиталінде емделіп жатыр. Бұл жерде мемлекет басшылары да емделген еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Біз госпитальдің баспасөз қызметіне хабарластық. Олар бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.
Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер құпияны сақтауы қажет екенін айтты.
Назарбаевтың баспасөз хатшысы телефонына жауап бермеді. Айдос Үкібай қоңырауларға да, хабарламаларға да жауап бермей отыр. Ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Сонымен қатар, Сара Назарбаеваның жақындары оның қасында екені хабарланды.
Сара Алпысқызы 84 жасқа толды. Ол Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап 2019 жылға дейін ресми түрде бірінші ханым болды. 2023 жылдың желтоқсанында жарық көрген мемуарларында бұрынғы елбасы Сара Алпысқызынан басқа әйелі бар екенін мойындады. Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде Әсел Исабаевамен діни некеге отырғанын жариялаған.
Биыл қаңтар айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға түзетулер енгізді. Бұл түзетулерге қарасақ, бұрынғы президенттердің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатады, сондықтан ондай ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Жаңалықтар
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм