Саналы өмірін несиемен бастап, қарызға белшесінен батқан жастарды кім қорғайды?
21 жасқа дейінгі 19 мыңға жуық қазақстандық шағын несиелер бойынша қарыздарын кешіктіріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Біздің елімізде 18-ге толған адамдарға несие беріле береді. Төлқұжаты бар адамның толыққанды Қазақстан азаматы болып саналатыны сөзсіз. Дегенмен осыны пайдаланып микроқаржы ұйымдары жастарды белшесініен қарызға батырып жатқаны да рас.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа дейінгі 19 мыңға жуық қазақстандық шағын несие бойынша қарыз төлемдерін кешіктіргенін мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елде 18-21 жас аралығындағы 847 430 адам тұрады. Сонымен қатар, мемлекеттік кредиттік бюроның мәліметінше, қазіргі уақытта 136 239 жас (18-21 жас) микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алып алған, оның ішінде 18 638 адамның (13,7%) 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар, - деп жауап берді Әбілқасымова сенат депутаттарының сауалына.
Ал біздің елімізде олар кәмелеттік жасқа толды екен деп араб елдеріндегідей шотта жиналып жатқан миллиондарға ие бола салмайды. Жұмыссыздық пен инфляция жастар түгілі ересек адамдарды қажытып жібергені жанға батқан шындық. Біздің жерасты, жерүсті байлығымыз олардан еселеп көп болса да жастарымыз саналы өмірін несиемен бастауға мәжбүр.
Ал үкімет бұл жағдайды өте жақсы біледі. Себебі қолдарында құдыретті статистикалық ақпарат бар.
Сонымен үкімет осы ретте қандай шара қабылдап жатыр?
Мәдина Әбілқасымова ҚНРА тұрақты негізде тұтынушылық кредит беру тәуекелдерін шектеу және халықтың шектен тыс қарыз алуына жол бермеу бойынша жүйелі шаралар қабылдағанын айтады.
Оның айтуынша, 2024 жылдың маусымында несиелеу кезінде тәуекелдерді барынша азайту мәселелері бойынша заң қабылданды, онда мынадай жаңалықтар көзделген:
- 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға МҚҰ-ға микрокредит беруге, сондай-ақ 90 күн өткен соң бұрын алынған микрокредиттер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салынған;
- интернет арқылы жеке тұлғаға биометриялық сәйкестендіру жүргізбей микрокредит беру туралы шарт жасасуға тыйым салынған;
- МҚҰ-ның микрокредитті ресімдеуге келіп түскен өтініштер бойынша мәліметтерді нақты уақыт режимінде кредиттік бюроларға беру міндеті енгізілді.
Сонымен қатар әскерге барған сарбаздарға мәжбүрлі түрде несие алғызатын жағдайлардың көбейіп кеткені де рас, келесі аталған шара осындай әбестікке жол бермейді деп сенейік, себебі:
Мерзiмдi әскери қызметтегілерге микрокредит беру туралы шарттар бойынша МҚҰ-ның мерзiмдi қызметтi өткеру кезеңiне және ол аяқталғаннан кейiн 60 күн iшiнде сыйақы есептеусiз негiзгi борыш пен сыйақы бойынша төлемдердi кейiнге қалдыру мiндетi енгiзiлдi.
Төменде Әбілқасымова айтқан 2024 жылғы тамызда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерін бекіту туралы қабылданған қаулы халық пайдасына жұмыс істей ме? Ол қандай нәтиже беріп жатыр? Ақпарат осы туралы болуы керек еді. Алайда біз тағы да банк қызметкері болмаса, қарапайым халық түсінбейтін «сырғытпа» жауап аламыз:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, 2024 жылғы тамызда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерін бекіту туралы қаулы қабылданды, оған сәйкес МҚҰ микрокредиттері бойынша ЖТСМ 56% -дан 46% -ға дейін, ал микрокредиттер бойынша 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге және 45 АЕК дейінгі сомаға төмендетілді, күніне 0,3% -дан кем, бірақ 179% -дан аспайтын деңгейде белгіленген».
Бұдан өзге, ол 2025 жылғы тамызда халықтың шектен тыс қарыз алуын төмендету мақсатында № 215 қаулы талаптармен толықтырылды, оған сәйкес, егер:
- қарыз алушының банк қарыздары бойынша 30 күннен астам және МҚҰ микрокредиттері бойынша бір күннен астам мерзімі өткен берешегі бар;
- қарыз алушының соңғы үш жыл ішінде банктік қарыз немесе микрокредит бойынша толық кешірілген берешегі болса;
- соңғы 12 ай ішінде бір немесе бірнеше банктік қарыздар немесе микрокредиттер бойынша қарыз алушының міндеттемелерін тиісінше орындауға ықпал етпейтін қайта құрылымдау жүргізілді;
- кепілсіз тұтынушылық микрокредит бойынша мерзім 5 жылдан асады.
«Агенттіктің халықтың шектен тыс қарыз алуын төмендету, тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс өсуін тежеу және халықтың борыштық жүктемесін шектеу бойынша жүзеге асырған шаралары оң нәтижелерге алып келді. Осылайша, үстіміздегі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқыны 13,2% -ға дейін бәсеңдеді (2024 жылдың 10 айында - 24,3%)», - деп нақтылады ҚНРА басшысы.
Ол іске асырылып жатқан реттеу шараларына қосымша агенттік проблемалық берешек деңгейін төмендету бойынша, оның ішінде жиырмаға дейінгі азаматтар арасында қадағалау шаралары қабылданғанын қосты.
«Атап айтқанда, 52 МҚҰ-ға кредиттеу лимиттерін қайта қарау/белгілеу, сондай-ақ микрокредиттер беру рәсімдерін жетілдіру, скорингтен өту және кредиттерді мақұлдау кезінде қарыз алушыларды бағалау процесіне өзгерістер енгізу жолымен дефолттар деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы хат жіберілді. Аталған шаралар 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы проблемалық берешек деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде», - деді Әбілқасымова.
Ең бастысы жиырма жасқа толмаған адамдардың борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеу мақсатында, жақын арада № 215 қаулымен жиырма жасқа толмаған қарыз алушылардың табысы жұмыс орнынан алынатын табыстар туралы анықтама және стипендия мөлшері туралы анықтама негізінде анықталатын талап көзделетін болады. Оқу орны бойынша алынатын, яғни борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде тек қана ресми табыс көздері ескеріледі екен.
Дегенмен қарызға батқан жастарға бұндай қағаз жүзіндегі әдемі ақпарат емес, нақты қолданысқа еніп, нәтиже көрсететін нарықтық тетік қажет. Әйтпесе, соңғы кезде әлімжеттік жасап несие алдырып, ол күн санап өсіп, оны отбасына айта алмай қиналған кейбір жастар өз-өзіне қол салуға дейін барып жатыр.
2024 жылы банкроттыққа өтініш берген азаматтар туралы ақпарат шықты. Олардың арасында 18 жасқа енді толғандар да бар.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
«Құмар ойын және әскерилер»: Бәс тіккен бір гарнизондағы 120 әскери адам.
5571 әскери бөлім сарбаздарының бірін комаға, бірін қабірге аттандырды.
136 адамның мойнына 579 млн теңге несие қарызын ілген емші сот залынан босатылды.
Жаңалықтар
- Қытай АҚШ-қа қарсы бірқатар санкция енгізді
- Бас прокуратура WhatsApp аккаунттарына жасалған зиянкестік туралы ескертті
- Саналы өмірін несиемен бастап, қарызға белшесінен батқан жастарды кім қорғайды?
- Жерлесіміз World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы атанды
- Көптен күткен Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді
- Ресей Ақтау маңына құлаған AZAL ұшағына қатысты қылмыстық істі тоқтатты
- Елімізде ЖИ-мен жұмыс істеу дағдылары болмаса мемлекеттік қызметке қабылданбайды
- Желіде «Орданың» бас редакторының қайтыс болғаны туралы жалған мәліметтер тарап жатыр
- Алты алашқа «Менің атым Қожа» фильмімен танылған Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті
- Баға басылсын, табыс тасысын: Тоқаев Үкіметтің «жүгенін» тартты
- Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан Gusto әкімшісі халықтан кешірім сұрады
- Украинадағы соғысқа қатысқан 700-ден астам Қазақстан азаматы сотталды
- Жолаушы қаза тапты: Lufthansa әуе кемесі Алматыға шұғыл қонды
- Прокуратура Оңтүстік Кореяның экс-президентін 10 жылға соттауды сұрады
- АҚШ-тағы жаппай депортация: Қазақстанның үш тумасы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді
- «Qarmet» зауытындағы 1,8 млрд теңге ұрлығы: Әнипа Назарбаеваның серіктесі қамауға алынды
- ЖИ министрлігінің кейбір өкілеттігі ҰҚК бақылауына өтті
- КХДР алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
- Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілді
- Түркістан облысында 14 жастағы оқушы 6 жасар қызды зорлап, 10 жылға сотталды