Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қандай мәселелер қозғалуы мүмкін?

«Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 16 қараша күні Twitter-де жазба жариялап, ақпаратпен бөлісті. Саяси кеңес отырысы бүгін, 23 қараша күні өтеді.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев 23 қарашада Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды.
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) November 16, 2021
Orda.kz редакцисы саяси кеңестің қандай тақырыпта өтетіні туралы саясаткерлердің ой-пікірін білді.
«ДАТ» басылымының жетекшісі, журналист, қоғам қайраткері, саясаткер Ермұрат Бәпидің айтуынша бүгінгі кеңесте үкіметтің отставкасы туралы мәселе қозғалуы мүмкін.

– Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ушыққаны сондай қоғамда қайыршылық мәселесі сөз бола бастады. Кедейшілік екінші кезекте қалды. Билік ушығып бара жатқан тақырыптардың ізін жабу үшін көзбояушылыққа барады деп ойлаймын. Нұр Отан партиясының саяси кеңейтілген кеңесі отырысында үкіметтің отставкасы мәселесі қозғалуы мүмкін. Қоғамдағы буырқанып бара жатқан наразылықтың буын басу керек. Алдарқату керек, халықтың санасына сенім ұялату керек.
– Үкімет басына премьер-министр болып тағы бір менеджер барады. Шамасы, Мәжілістің спикері Нығматулин болуы мүмкін. Оның орнына алақанын ысқылап отырған Дариға Назарбаева баруы ғажап емес. Нақты қазіргі жағдайда партия үшін бұдан басқа мәселе болмауы керек. Егер осы кеңесте тағы бір жобалар туралы айтатын болса, билік өзінің көрін одан әрі қаза түсті деген түсінік туады, - дейді саясаткер.
Қоғам қайраткерінің пікірінше, бүгінгі өтетін кеңестегі қозғалуы мүмкін маңызды мәселелердің бірі – мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу.
– Тағы да қосымша бір тақырып, «Нұр Отан» партиясы радикалды әрекеттерге баратын болса, президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу мәселесін қозғауы мүмкін. Егер мерзімінен бұрын президенттік сайлау мәселесі қозғалатын болса, партияның өз бастамасы болмайды. Бұл партияның басында отырған елдегі бас «кітапханашының» транзиттік жобасына байланысты жүзеге асатын жағдай болады деп ойлаймын, - деп жауап берді Ермұрат Бәпи.
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы туралы демограф ғалым, саясаттанушы Әзімбай Ғали пікір білдіріп, саяси күрестің ушықпауы керек екенін айтты.

– Енді билеуші партия... Өкілеті кеңейтілген партияның төрағалығы Тоқаевқа өтсе, оның тарапынан саяси күшейуі – түсінікті жағдай. Билік Тоқаевтың қолына шоғырланады. Бұл жерде билік үшін тартыстар болу мүмкін. Ең маңызды билік институты болғандықтан, ал БАҚ өкілдерінің қатыспауы мүмкін деген әңгіме саяси күресті ушықтырмау үшін деп ойлаймын.
– Сонымен қатар, камера қосылып тұрса популизмге беріліп кететін саясат өкілдер бар. Үкіметтің отставкаға кету ықтималдығының неше пайыз екенін айта алмаймын. Бірақ, бағыт сондай болу мүмкін. Билікті қадағалау – Тоқаев тарапынан күшейеді. Бұл бәрімізге түсінікті сияқты.
Айта кетейік, Nur.kz ақпараттық порталы Нұрсұлтан Назарбаевтың партиядағы өкілеттілін Тоқаевқа тапсырғаны туралы ақпаратты телеграм арнада жариялап, арада бірнеше минут өткен соң оны қайта өшіріп тастады.
Жаңалықтар
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бас прокуратура Олеся Кексельдің ұсталғанын растады
- Перизат Қайрат сотында Головкиннің 10 млн теңгеге сатылған қолғаптары сөз болды
- Павлодарда көлік ұрлап қашқан ер адам апатқа ұшырап, оқиға орнында көз жұмды
- «Кінәсін мойындамады»: Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шақыруды талап етті
- Руслан Желдібай халықаралық ұйымдағы жаңа қызметке тағайындалды
- Перизат Қайрат ісі: прокурорлар алаяқтық схемасын жария етті
- Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев екі айға қамауға алынды
- Елімізде 700-ден астам талапкер негізгі ҰБТ емтиханынан өтпеді
- Бір тамшы су көрмеген: Түркістандағы егіндер қурап, шаруалар шаш етектен шығынға батып қалды
- Сәтбаев қаласында әкімдік қызметкері құмар ойын ойнағаны үшін жұмысынан қуылды
- Қостанайдағы президент резиденциясы балаларды оңалтатын орталыққа айналады
- Президент резерві: Тоқаев бюджеттен миллиардтарға жедел қол жеткізе алады
- Халық игілігі үшін: Алматы облысында қайтарылған қаржыға амбулаториялар салынып жатыр
- Гүлнар Бажкенова: «Ордадағы» ахуал, Ақордадағы жанжал және Нью-Йорктегі «қосалқы алаң» туралы
- «Барлау жүйесін іштен бұзу»: Трамп командасы АҚШ арнайы қызметтерінің хаттамаларына қол жеткізбек
- Алматы тауларында туристер мен балалар шұғыл эвакуацияланды
- Израиль соққысы кезінде Иран президенті жараланды